«Білім және Ғылым» бастауыш партия ұйымының есептік жиналысы өтті

«Білім және Ғылым» бастауыш партия ұйымының есептік жиналысы өтті

«Білім және Ғылым» бастауыш партия ұйымының есептік жиналысы өтті
ашық дереккөзі
366
«Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы Саяси Кеңесі Бюросының қаулысына сәйкес 1300-ден астам партия мүшесін біріктіріп отырған «Білім және Ғылым» бастауыш партия ұйымында есептік-сайлау жиналысы өтті. Қаладағы санитарлық-эпидемиологиялық ахуалға байланысты онлайн форматта өткізілген жиналыста «Білім және Ғылым» бастауыш партия ұйымының 2019-2020 жылдары атқарылған жұмысының есебі туралы Сәкен  Мәжінбеков баяндама жасады. 2019-2020 жылы жалпы саны 83 іс-шара ұйымдастырылған. Олардың ішінде 42 партия жиналыстары, 17 кездесу, 2 дөңгелек үстел, 7 мерекелік іс-шара, 3 конференция, 12 жемқорлықтың алдын алу мақсатындағы  дөңгелек үстел, сенбіліктер және түрлі тақырыптағы отырыстар өткізілген. Сондай-ақ, партия жобасының  аясында  «Бақытты отбасы», «Кедергісіз келешек», «Ардагерлерді ардақтайық», «Жолдағы қабылдау», «Әділет кеңес береді», «Жастар кадрлық резерві» акциялары ұйымдастырылған. «Білім және Ғылым» бастауыш партия ұйымы мүшелері алдағы уақытта да барлық жоспарланған шараларды өз уақытында және сапалы  өткізуге ниетті. Сонымен қатар, БПҰ жиналысы барысында бастауыш партия ұйымының Саяси кеңесі бюро құрамы жаңартылып, 2021 жылдың 28 сәуір күні өтетін «Nur Otan» партиясы Әл-Фараби аудандық филиалының конференциясына делегаттар сайланды.  

Серіктес жаңалықтары