Қазақстан-Ресей шекарасы: Көптоғай аулындағы дау неден шықты?

Қазақстан-Ресей шекарасындағы Атырау облысы Көптоғай ауылының тұрғындары шекара сызығы ауысуымен келіспей, оны заңсыз деп санайды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Қазақстан-Ресей шекарасы: Көптоғай аулындағы дау неден шықты?
ашық дереккөзі
595

Көптоғайлықтар шекара бекеттерін орнату бойынша жұмысты тоқтатуды талап етіп, Қазақстанның жері Ресей тарапына заңсыз берілгенін айтады. Ауыл белсенділері дәлел ретінде 1977 жылғы картаны көрсетіп отыр, онда бұл аумақ Қазақстан жері ретінде сызылған. “Олар заң бұзып отыр. Ол жер де біздікі. Біз мұнда мал жайып, суаруға апаратын едік. Енді не істеуіміз керек? Бәріміз наразылығымызды білдіру үшін осында шықтық. 1977 жылы жасалған карта бар, ол жақта бұл біздің жеріміз деп көрсетілген. Бәрі заңды болғанын қалаймыз”, – дейді Көптоғай аулының тұрғыны Думан Есенғалиев. “Көптоғай Қиғаш өзенінің жағасында орналасқан. Қазір олар кенеттен келіп үйлердің дәл алдынан тікенек сымдар жүргізіп жатыр. Тұрғындар балалары үшін уайымдайды. Халық онда балық аулап, өзенге шомылатын, су алатын. Біз өзенге баруға мүмкіндік беріп, сымдарды алып тастағанын қалаймыз. Сонымен қатар, ауыл тұрғындары осы аумақта мал жаятын”, – дейді ауылдың тағы бір тұрғыны. Мәселе Қиғаш өзенінің бойындағы ұзындығы 1500 метр және ені 10-дан 70 метрге дейінгі учаскеге байланысты туып отыр. Каналға су тек көктемде толып, жазда кеуіп қалады. Ондаған жыл бойы мұнда жергілікті тұрғындар мал бағып келген. Қазір мұнда тікенді темір қоршау бар. ҚР ҰҚК шекара қызметі бұл жағдайға түсініктеме беріп, жұмыс екі ел арасында 2005 жылы болған келісімдерге сәйкес демаркация жұмыстары аясында жүргізіліп жатқанын мәлімдеді. Сол кезде нақты шекара белгіленген. Дәл сол кезде шекара тіректерін орнату кезінде қате жіберіліпті.

“2020 жылы Көптоғай елді мекеніндегі инженерлік жұмыстар жолағын нақтылау кезінде №23 және 24 шекаралық белгілердің арасындағы 1500 метр қоршау Ресей Федерациясының аумағына 70 метр тереңдікке орнатылғаны анықталды. Қол жеткізілген келісім бойынша жұмыс тобы қазіргі уақытта шекара белдеуі шегінде Қазақстан Республикасының аумағында жоғарыда аталған қорғаныс қоршауын демонтаждау және қайта орнату жұмыстарын жүргізіп жатыр”, – деді ҚР ҰҚК ШҚ тәрбие және кадр жұмысы бөлімінің бастығы Ардақ Әмірғалиев. Сонымен қатар, шекара қызметі жұмыс басталар алдында елді мекеннің ақсақалдарымен және белсенділерімен түсіндіру жұмыстары жүргізілгенін айтты. Бұл жұмыс түпкілікті аяқталмаған. Жергілікті тұрғындардың тілектерін ескере отырып, әкімдік инженерлік кедергілерден өтуді түзету мәселелері бойынша жергілікті тұрғындар арасынан белсенділерді шақырып, комиссияға жүгіне алатыны айтылады. Айта кетейік, ауылдық округте әкім жоқ. Құрманғазы ауданының әкімі қызметіне жақында ғана тағайындалған.

Бұған дейін 14 сәуірде Құрманғазы ауданының Көптоғай ауылында Қазақстан мен Ресей шекарасында жаңа шекаралық қоршаулар салу жұмыстары басталғаны хабарланған. Шекара маңындағы ауылдың тұрғындары сол кезде де наразылық білдірген.

Серіктес жаңалықтары