520
Алматыдағы көпқабатты үйдің тұрғындары Қайрат Нұртастың үстінен шағым түсірді
Алматыдағы көпқабатты үйдің тұрғындары Қайрат Нұртастың үстінен шағым түсірді
Әнші Қайрат Нұртастың басы тағы дауға қалды. Бұл жолы әнші Алматыдағы тұрғын үй кешенінің паркингінде бөтен орындарды иеленген, - деп хабарлайды zakon.kz.
Zakon.kz сайтының редакциясына көліктердің суретін жіберген тұрғындар бірнеше күн бойы өз меншік тұрақтарына көлік қоя алмай жүргендерін айтып шағымданған. Өйткені олардың көлік қоятын орындарында басқа біреудің көліктері тұрады екен.
Тұрғындар VIP нөмірлі көліктер Қайрат Нұртас пен оның анасы Гүлзира Айдарбекованікі екенін бірден таныған.
Тұрғындардың айтуынша, мұндай жағдай бірінші рет болып тұрған жоқ.
Әнші жақында ғана карантин шектеулерін сақтамағаны үшін айыппұл төлеген болатын.