338
ШҚО-да балалар үйінің бұрынғы басшысы 63 миллион теңге жымқырды деген күдікке ілінді
ШҚО-да балалар үйінің бұрынғы басшысы 63 миллион теңге жымқырды деген күдікке ілінді
Шығыс Қазақстан облысындағы балалар үйінің директоры мен есепшісі жемқорлық бойынша күдікке ілінді,-деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бұл мәселе алғаш рет 2019 жылдың қаңтарында, балалар үйінің 160 қызметкері жалақысыз қалған кезде көтерілген.
Ақшасыз қалған қызметкерлер прокуратурадан, БАҚ-қа тан көмек сұрады. Артынша қылмыстық іс қозғалды.
"Өскемен қаласының №2 сотына қылмыстық іс келіп түсті. Бюджет қаражатын жымқыру бойынша қозғалған іс балалар үйінің бұрынғы қызметкерлеріне – экс-директорға, бас есепшіге және кадрлар бөлімінің маманына қатысты. Оларды 2015 жылдың наурызынан 2018 жылдың желтоқсанына дейін 63 миллион теңге ұрлады деп айыпталып отыр", - деді Шығыс Қазақстан облыстық соты төрағасының міндетін атқарушы Қайрат Чакпантаев.