Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев қаланың 2021 жылғы дамуы туралы, атап айтқанда жақын арада салынатын саябақ аймақтары туралы айтты, деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметі. Алматыда "Алматыны дамыту: абаттандыру және көгалдандыру жобалары" атты онлайн-тұсаукесер өтті. Іс-шара барысында қала басшысы Бақытжан Сағынтаев жаңа рекреациялар құру үшін жерлерді қайтару бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтты.
"Жер тапшылығына байланысты проблема бар екенін ескере отырып, жаңа рекреация құру үшін 8 жер учаскесін қайтару жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, саябақ аймақтарын ұйымдастыру үшін Құрманғазы, Абылай хан, Шевченко, Панфилов көшелерінің квадратындағы 2 учаске қайтарылды. Сонымен қатар, қаланы көгалдандыру және табиғи ландшафтты сақтау үшін 120 га (31%) берілді, бұл қала тұрғындары үшін жайлы орта құруға мүмкіндік береді", - деді әкім