Tesla компаниясы 357 мың доллар жалақыға қызметкер таба алмай жатыр

Tesla компаниясы 357 мың доллар жалақыға қызметкер таба алмай жатыр

Tesla компаниясы 357 мың доллар жалақыға қызметкер таба алмай жатыр
ашық дереккөзі
726
Tesla компаниясы Германияда салынып жатқан электромобиль шығаратын зауытқа қызметкерлер жалдау мәселесіне байланысты қиындыққа тап болды. Өндірісті 2021 жылы іске қосу жоспарланғанымен, көптеген жұмыс орны әлі бос тұр. Грюнхайдтағы Тесла зауытының құрылысы бастапқыда наразылыққа тап болды. Жергілікті тұрғындар ірі өндіріс орталығы экологияға зиян келтіретінін алға тартқан еді. Алайда ұзақ келіссөздер өз нәтижесін беріп, құрылыс алаңындағы орман кесіліп, зауыт салына бастады. Бұл Еуропадағы екінші Tesla фабрикасы. Біріншісі Нидерландыда орналасқан, онда Tesla Model S үлкен торапты құрастыру жүзеге асырылады, алайда Еуропа үшін Германиядағы жаңа Tesla Gigafactory электромобильдер, электр қозғалтқыштары және олар үшін батареялар шығаратын алғашқы толыққанды зауыт болады. Зауыттың ашылуына аз ғана уақыт қалса да,  электромобиль батареяларын жасауға және өндіруге байланысты 350 жұмыс орнының көпшілігі бос тұр, - деп түсіндірдімәлімдеді Business Insider. Tesla-ның бас директоры Илон Маскпен тікелей байланыс орнататын 25 guns инженерлер тобындағы жұмыс орындары әлі де бос.

Серіктес жаңалықтары