864
Түйелерге арналған бағдаршам орнатылды
Түйелерге арналған бағдаршам орнатылды
Қытайдың Ганьсу провинциясындағы Дуньхуан қаласының маңында түйелерге арналған бағдаршам орнатылып жатыр.
Бағдаршамның жасыл түсі жанғанда түйелер, ал қызыл түсі жанғанда туристер жолдан өтеді. Дуньхуан – шөлде орналасқан қала және оазис. Ол ілкіде Ұлы Жібек жолында Қытайға қақпа қызметін атқарған. Өңірге келушілер арасында түйе турларына сұраныс жоғары. Соның әсерінен түйе саны да өте көп.