345
Жетісайлық диқандар қырыққабаттың алғашқы өнімін экспорттады
Жетісайлық диқандар қырыққабаттың алғашқы өнімін экспорттады
Жетісай ауданындағы Әл Фараби елді мекенінің диқандары ақпан айының басында еккен қырыққабаттың алғашқы өнімін Түркістан облысы бойынша алғаш болып экспорттады, - деп хабарлайды Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
«Қыста шаруа қожалығымызға тиесілі жердің 10 гектарына қырыққабаттың 50-55 күнде ерте пісетін «Зарисма» сортын ектік. Егілген көшеттердің барлығы өзіміздің жылыжайда өсірілген. Жалпы 10 гектарға егілген өнім көлемі 40 центнерді құрап отыр. Бұл кеткен шығындарымыздың толық ақталғанын білдіреді. Артылған 40 тонна қырыққабат Беларусь мемлекетіне жөнелтілетін болады», - дейді "Әл Фараби" шаруа қожалығының төрағасы Сәбденов Бекзат.
Жетісай ауданы ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы Марат Абуовтың айтуынша, Жетісай ауданында биыл 1 080 гектар аумаққа ерте пісетін қырыққабат егілген. Былтыр аудан диқандары 36 мың тонна қырыққабат өнімін өндірген.Негізінен егін шаруашылығымен айналысатын аудан халқы 78 500 гектар аумаққа егін егеді. Бүгінгі таңға дейін аудан бойынша 1 300 гектарға – көкөніс, 10 мың гектар аумаққа - бақша дақылдары егілген.