514
Ербол Қарашөкеев Қаржы вице-министрі болып тағайындалды
Ербол Қарашөкеев Қаржы вице-министрі болып тағайындалды
Үкіметтің қаулысымен Ербол Қарашөкеев ҚР Қаржы вице-министрі қызметіне тағайындалды, - деп хабарлады primeminister.kz.
Ербол Қарашөкеев еңбек жолын 1998 жылы Статистика агенттігі талдау және конъюнктуралық зерттеулер басқармасының бас маманы болып бастаған.
1999-2001 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық талдау бөлімінің консультанты қызметін атқарған.
2001 жылдан 2003 жылға дейін коммерциялық ұйымдарда басшылық лауазымдарда жұмыс істеді.
2003-2006 жылдары "Экспорттық кредиттер мен инвестицияларды сақтандыру жөніндегі мемлекеттік сақтандыру корпорациясы"АҚ директорының м.а., Қаржы департаментінің директоры-Басқарма мүшесі болды.
2006-2007 жылдары ҚР Қаржы министрлігінің жиынтық-талдау департаментінде жұмыс істеді. 2007 жылғы қаңтар-шілде аралығында "ҚазАгро "Ұлттық басқарушы холдингі"АҚ Басқарушы директоры болып жұмыс істеді.
2007-2009 жылдары — "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" АҚ Басқарма төрағасы, Директорлар кеңесінің мүшесі.
2010-2012 жылдары — республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің "Қаржылық бұзушылықтарды зерттеу орталығы" РМК директоры.
2012-2013 жылдары -— "ҚБТУ мұнай-газ инжинирингі және ақпараттық технологиялар институты"ЖШС Бас директоры.
2013-2016 жылдары — "Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі"АҚ Басқарма төрағасының орынбасары.
2016-2019 жылдары — ҚР Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімі меңгерушісінің орынбасары.
2019 жылғы қаңтар — сәуір аралығында-ҚР Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің төрағасы.
2019 жылғы сәуірден 2021 жылғы наурызға дейін — "ҚазАгро "Холдингі"АҚ Басқарма төрағасы.
2021 жылғы наурыздан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімі меңгерушісі орынбасарының м.а. қызметін атқарды.