Филипп ханзадаға ескерткіш қойылмақ

Филипп ханзадаға ескерткіш қойылмақ

Филипп ханзадаға ескерткіш қойылмақ
ашық дереккөзі
Ұлыбритания патшайымы Елизавета II-нің жары ханзада Филиппке Лондон қаласының Мэлл көшесінде ескерткіш қойылады. Алдын ала келтірілген деректер бойынша, ескерткіш үшін жұмсалатын шығынның бір бөлігі қайырымдылық қорынан алынбақ. Британдық парламент бастаманы толық құптаған. Ханзада Филипптің қазасынан кейін әлеуметтік желілерде оған ескерткіш қою туралы петиция жарияланған болатын. Оған шамамен 6 мыңға жуық адам қол қойды. Ал ханзаданы ақтық сапарға шығарып салу рәсімі алдағы сенбі күні өтеді.