Бұршақ аралас жаңбыр: 13 сәуірдегі ауа райына болжам

Бұршақ аралас жаңбыр: 13 сәуірдегі ауа райына болжам

Бұршақ аралас жаңбыр: 13 сәуірдегі ауа райына болжам
ашық дереккөзі
241
Синоптиктер 13 сәуірдегі ауа райына болжам ұсынды.
Еліміздің басым бөлігі бұрынғысынша антициклонның ықпалында болады, осыған байланысты жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Тек оңтүстік, солтүстік-шығыс аймақтарда жауын-шашын (қар, жаңбыр) күтіледі. Кей жерлерде тұман түсіп, жел күшейеді, оңтүстікте найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін, – деп хабарлады "Қазгидромет" РМК.
Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман түсіп, жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Түркістан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін. Ақмола, Қостанай, түнде Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, күндіз Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с-қа дейін үдейді. Қарағанды, Солтүстік Қазақстанда, түнде және таңертең Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, Қарағанды облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-қа дейін жетеді. Қызылордада, күндіз Ақтөбе, Алматы облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с-қа күшейеді.

Серіктес жаңалықтары