280
Қазақстан екі аптадан бері «қызыл» аймақтан шықпады – Алексей Цой
Қазақстан екі аптадан бері «қызыл» аймақтан шықпады – Алексей Цой

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың коронавирус жұқтырғандардың саны күннен-күнге көбеймесе, азаймай отырғанын айтты.
Қазақстан 12 күннен бері «қызыл» аймақта, оның ішінде 8 өңір: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Атырау, БҚО, Алматы, Ақмола, Қарағанды, Ақтөбе облыстарында эпидемиологиялық ахуал нашар. Аталған 8 өңір бүгін де «қызыл» аймақта.
Сонымен қатар 8 өңір: Шымкент қаласы, СҚО, Жамбыл, Маңғыстау, Қызылорда, Қостанай және Павлодар облыстары «сары» аймақта тұр.
«Жасыл» аймақта тек Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстары тұр.