241
Өңірлерге 600 мың дозадан астам вакцина жеткізілді – Алексей Цой
Өңірлерге 600 мың дозадан астам вакцина жеткізілді – Алексей Цой

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой өңірлерге 600 мың дозадан астам вакцина жеткізілгенін айтты.
«1 ақпаннан бастап өңірлерге 611 мың доза вакцина жеткізілді. Вакцина жеткізу бекітілген кестеге сәйкес кезең-кезеңмен жүргізіліп жатыр. Ертең өңірлерге кезекті 300 мың доза жеткізіледі», – деді министр.
Оның айтуынша, сәуір айында қосымша 1,4 млн дозаны жеткізу ескерілген.
«Бұл өз кезегінде сәуірде еліміздің 2 миллионға жуық адамын вакциналауға қолжетімдігін қамтамасыз етеді», – деді Алексей Цой.