ШҚО-дағы 12 елді мекенге тасқын қаупі төніп тұр

ШҚО-дағы 12 елді мекенге тасқын қаупі төніп тұр

ШҚО-дағы 12 елді мекенге тасқын қаупі төніп тұр
ашық дереккөзі
330
Шығыс Қазақстанның Новопокровка ауылында 10 тұрғын үйдің ауласын су басып, 36 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды «Хабар 24». Қазір аумақта 40-қа жуық құтқарушы мен семейлік әскери бөлімнің 19 жауынгері жұмыс істеп жатыр. Жалпы облыста тасқын қаупі күн санап күшейіп келеді. Сондықтан жауапты сала өкілдері сақадай сай отырмыз деп сендірді. Өңірде жедел желі іске қосылған. Қатер төніп тұрған барлық аудандарда құтқарушылар тәулік бойы дайын отырады. Мәселен қазір Алтай ауданында Қарағандыдан келген көмекші топ жұмыс істеп жатыр.

Серіктес жаңалықтары