Пара алды деп айыпталған Жоғарғы соттың судьясы қамауға алынды

Пара алды деп айыпталған Жоғарғы соттың судьясы қамауға алынды

Пара алды деп айыпталған Жоғарғы соттың судьясы қамауға алынды
ашық дереккөзі
197
Ірі көлемде пара алып жатып ұсталған Қазақстан Жоғарғы сотының судьясы 2 айға қамауға алынды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының тергеу соты мәлімдеді. 2021 жылы 11 ақпанда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен Жоғарғы соттың ішкі қауіпсіздік бөлімінің бірлескен іс-шарасының нәтижесінде Жоғарғы соттың судьясы Ж. ұсталған еді.
"2021 жылғы 9 сәуірде Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты судьяға қатысты 2 ай мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады", - делінген елорданың тергеу сотының хабарламасында.
Жоғарғы соттың мәліметінше, Түркістан облысы аудандық сотының судьясын бір соттан екінші сотқа ауыстыру бойынша Жоғарғы сот кеңесінде атқарған жұмысы кезінде көрсеткен көмегі үшін ақша берілген.

Серіктес жаңалықтары