сенбі, 19 сәуір, 2025

Нұр-Сұлтандағы карантинге қатысты жаңа қаулы жарияланды

/
Нұр-Сұлтандағы карантинге қатысты жаңа қаулы жарияланды
ашық дереккөзі
Нұр-Сұлтандағы карантинге қатысты жаңа қаулы жарияланды Елорданың бас санитар дәрігері Сархат Бейсенова елордада шектеу және карантин шараларын қатаңдату туралы жаңа қаулыға қол қойды. Өткен қаулының мына тармақтары өзгеріссіз қалады:
  • кинотеатр, боулинг, балалар ойын-сауық орталықтарына тыйым салынады;
  • қоғамдық орындарда және қоғамдық көлікте бетперде тағу режимі сақталады;
  • СОО, базарлар мен фитнес-клубтар тек жұмыс күндері жұмыс істейді;
  • тамақтану, сауна және СПА тек жұмыс күндері жұмыс істейді.
  • Қоғамдық тамақтандыру мекемелері демалыс күндері жеткізумен жұмыс істейді.
Биыл IV тоқсанда білім беру нысандарында оқытуды былай ұйымдастыру тапсырылды:
  • дәстүрлі форматта 2021 жылғы 19 сәуірден бастап ата-аналардың өтініші бойынша оқушылар саны 300-ге дейін, сыныптардағы балалар саны 10 адамнан аспайтын қалалық мектептерде;
  • білім беру объектілерінің жұмысын қашықтықтан оқыту тәртіпте ұйымдастыру, мектеп бітіруші сыныптары (9, 11 (12) сыныптар)  қоспағанда, олар үшін  оқыту аралас форматында (пәндердің 70 пайызы - дәстүрлі форматта, 30 пайызы - қашытан), сыныпта 15 адамнан артық емес, ата-аналардың өтініштері бойынша.
Құжатқа сәйкес, жоғары оқу орындары мен колледждердің бірінші курс студенттері қашықтан оқуын жалғастырады. Қаулы 12 сәуірде күшіне енеді.
Бөлісу: