Бас мүфти Наурызбай қажы ТАҒАНҰЛЫ: Денсаулық – бәрінен қымбат құндылық

Бас мүфти Наурызбай қажы ТАҒАНҰЛЫ: Денсаулық – бәрінен қымбат құндылық

Бас мүфти Наурызбай қажы ТАҒАНҰЛЫ: Денсаулық – бәрінен қымбат құндылық
ашық дереккөзі
239
Өкінішке қарай, биыл да қасиетті Рамазан айын пандемия жағдайында өткізгелі отырмыз. Жұқпалы дертті оқшаулану, сақтану арқылы ғана жеңуге болатынын анық аңғардық. Осы ретте сіздерді ауызашар кезінде, құлшылық сәттерінде санитарлық талаптарды қатаң сақтауға шақырамын. Денсаулық – бәрінен қымбат құн­ды­лық, Алланың адамзатқа берген ама­наты. Осы орайда жасы алпыстан асқан аға-апаларымды ауыз бекітуден бұрын ме­дициналық тексеруден өтіп, дәрі­гер­дің тиісті кеңесін алған жөн. Егде  және балиғатқа толмаған аза­маттардан күрделі ахуал тұрақтал­ған­ша мешітке бармай, құлшылықты үйде орындауын сұраймыз. Қазақстан мұсылмандары діни бас­қар­масы Рамазан айында айтылатын уа­ғыз-насихат, сұрақ-жауап жұмыста­рын онлайн режимде жүргізуді жалғас­тырады. Құран хатым жасау рәсімдері де қашықтан оқылады. Интернет желісі арқылы сұраққа жауап алып, онлайн насихат тыңдап, үй­ден шықпай сауапты амалдарға ор­тақтасуға болады. Біз қазіргі жағдайды ес­керіп, өткен жылы жүзеге асырған жо­бамыз бойынша пітір садақасы мен зе­кетті онлайн режимде берудің оңтай­лы жолын тағы ұсынып отырмыз. Сіздерді пандемия кезінде барынша сақ­танып жүруге, адам көп шоғыр­лан­ған орындарға бармауға, ауыз бекіткен жағ­дайда дұрыс тамақтануға, мүмкін­дігін­ше жұмыс кестесін ыңғайлап, ден­саулықты күтуге үндеймін. Қасиетті айда қайырымдылық жа­сап, сауап алуды ниет еткен жандарға ай­тарым: ауызашар қораптарын ерік­тілер немесе мешіт қызметкерлері ар­қылы көмекке мұқтаж азаматтарға же­т­кізуге болатынын қаперлеріңізге са­ламын. Діни басқарма Рамазан айын­да санитарлық талаптарды сақтай отырып, қайырымдылық іс-шараларын жос­парлы түрде жүзеге асырады. Бар­шаңызды игі іске үлес қосуға ша­қы­ра­мын. Рамазан – Раббымыздың мейірім-махаббатына бөленетін ай. Ендеше, бе­рекелі айдың берекетінен құр қал­майық, халайық. Ардақты Пайғамбарымыз Мұхам­мед (оған Алланың салауаты мен сәлемі бол­сын): «Кімде-кім бауырының қаже­тін өтесе, Алла оның қажетінде болады. Кімде-кім мұсылманның бір қайғысын сейілтсе, Алла оның қайғы-қасіреттері­нің бірін сейілтеді», – деген. Алла Тағала ниетіміз бен амалы­мыз­ды қабыл етіп, баршамызды Рама­заннан-Рамазанға дейін айдан аман, жылдан есен жеткізе бергей! Жаратушы Иеміз жер бетінен жұқ­палы індетті жойып, жұртымызға жар болғай, елімізді аман, жерімізді тыныш еткей! Әмин!

Серіктес жаңалықтары