Алматыда жедел жәрдем көлігі мен жеңіл көлік соқтығысып, бір адам зардап шекті. Жол апатының видеосы әлеуметтік желіде тарады. Алматы қалалық Полиция департаменті апаттың 5 сәуір күні Сейфуллин көшесі мен Райымбек батыр даңғылында болғанын мәлімдеді. «Hyundai H 350» автокөлігінің жүргізушісі Сейфулин даңғылымен оңтүстік бағытта келе жатып «ВАЗ 2115» автокөлігімен соқтығысты. Жол-көлік апаты салдарынан 1996 жылы туған «ВАЗ 2115» жүргізуші зардап шекті. Дәрігерлер тексергеннен кейін ол сол жерде қалды», – дейді Алматы қалалық ПД тергеу басқармасының бастығы Олжас Шәріпов. Материалды Алмалы аудандық полиция басқармасы зерттеп жатыр.
Жүктелуде...