Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы muftyat.kz сайтында 2021 жылғы ораза кестесін жариялады. Биыл Рамазан айы 13 сәуір мен 12 мамыр арасына түсіп тұр. 9 мамырға қараған түні - қасиетті Қадір түні. Биылғы пітір садақа мөлшері 420 теңге болып бекітілді. Оны мешітте және банк қосымшалары арқылы төлеуге болады. 13 сәуірде Нұр-Сұлтанда сәресі таңғы 4:43-те бітеді, ал ауызашар уақыты - 20:12. Кейін күн сайын сәресі мен ауызашар уақыты ұзара береді. Ал Алматыда оразаның алғашқы күні сәресі таңғы 4:43-те бітеді, ауызашар уақыты - 19:36. Барлық қаланың ораза кестесін мына жерден қарауға болады.
Жүктелуде...