235
Ресейде дәрігерлер өртеніп жатқан ауруханада операция жасап шыққан
Ресейде дәрігерлер өртеніп жатқан ауруханада операция жасап шыққан
Ресейде дәрігерлер өрт шыққан ауруханада науқастың жүрегіне операция жасаған.
Төтенше жағдай Благовещенск қаласындағы кардиоорталықта болған. От түс мезгілінде шыққан екен. Дәл осы кезде бірінші қабатта 8 дәрігер операция жасап жатқан.
Ең қиыны, өртке байланысты ғимаратта электр жарығы сөніп қалған.
Константин Рыбалко РФ Төтенше жағдай министрлігінің өкілі:
- Өрт кезінде жансақтау бөлімінде науқастың жүрегіне ашық операция жасалып жатты. Осы төтенше операцияға байланысты өрт сөндіру қиынға соқты. Жансақтау бөлімін барлық қажетті құрал-жабдықпен қамтамасыз ету үшін қолда келгеннің бәрін жасадық. Яғни электр желісі мен түтінді сейілтетін электрлі желдеткіш тарттық. Дәрігерлер операцияны сәтті жасап, 2 сағатта аяқтаған. Науқас басқа ауруханаға ауыстырылды. Бұл кезде өрт сөндірушілер де тілсіз жауды ауыздықтап үлгірген. Бұл ғимарат 50 жыл бұрын салынған екен. От ағаш шатыр арқылы жылдам таралған. Құтқарушылар 120 дәрігер мен науқасты қауіпсіз жерге көшірді. Алдын ала мәлімет бойынша өрт электр желісіндегі ақаудан шығуы мүмкін. Абырой болғанда, ешкім зардап шеккен жоқ.