186
Бекшиннің жаңа қаулысы: Алматыда карантин жеңілдетілді
Бекшиннің жаңа қаулысы: Алматыда карантин жеңілдетілді
Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшиннің жаңа қаулысы шықты. Бұл туралы Orda.kz хабарлады.
Қаулыға сәйкес:
Азық-түлік дүкендері, минимаркеттер, зоодүкендер 6:00-ден 00:00-ге дейін жұмыс істей алады;
Сауда орталықтары жұмыс күндері сағат 10:00-ден 22:00-ге дейін жұмыс істейді, демалыс күндері жабық болады;
Шаштараздар мен сұлулық салондары тек алдын ала жазылу бойынша қабылдайды;
Супермаркеттер, гипермаркеттер және сауда желілері 6:00-ден 2:00-ге дейін жұмыс істей алады;
Жабық әмбебап базарлар жұмыс күндері ғана ашық болады.
Ашық базарлар, сондай-ақ жабық азық-түлік өнімдерін сататын орындар жексенбіден басқа жұмыс күндері ашық болады;
Студенттер мен оқушыларды 2020-2021 оқу жылының соңына дейін қашықтықтан оқыту форматына ауыстырады;
Азық-түлік емес дүкендер, соның ішінде құрылыс дүкендері 10:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді.
Сондай-ақ балаларды сауықтыру лагерлерінің қызметіне тыйым салынады. Арнайы, мамандандырылған ұйымдардың, ерекше білім беруді қажет ететін балаларға арналған арнайы мектеп-интернаттардың (оның ішінде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған), жалпы үлгідегі мектеп-интернаттардың, дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттардың қызметіне рұқсат етілді.
Мекемелердегі қоғамдық тамақтану объектілерінің қызметіне тыйым салынады.
Қаулы 3 сәуірден бастап күшіне енеді.