Жамбылдық полицейлер жезөкшелікпен айналысуға арналған притонды анықтады. «Стоп трафик» жедел алдын алу іс-шарасының бірінші күні Тараздағы Исатай батыр көшесіндегі сауықтыру кешенінде полиция қызметкерлері жезөкшелікпен айналысу үшін притон ұйымдастырып келген 48 жастағы әйелді ұстады. Бұл дерекке қатысты ҚР ҚК 309-бабы 1-бөлігі (жезөкшелікпен айналысуға арналған притонды ұйымдастыру немесе ұстау және жеңгетайлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Ұсталған азаматша кінәсін мойындады. «Сондай-ақ, ҚР ӘҚБтК 449-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды, ҚР ӘҚБтК-нің 450-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық анықталды», – делінген облыстық полиция департаментінің хабарламасында. Профилактикалық есепке «сутенер» санаты бойынша 2 адам және жезөкшелікпен айналысқаны үшін 5 әйел қойылды. Профилактикалық іс-шаралар жалғасуда.
Жүктелуде...