Қызылордада жоғалған үш қыздың екеуі табылды

Қызылордада жоғалған үш қыздың екеуі табылды

Қызылордада жоғалған үш қыздың екеуі табылды
ашық дереккөзі
Қызылорда қаласындағы «Атамекен» балалар ауылынан кетiп қалған кәмелетке толмаған қыздарға қатысты іздестіру іс-шаралары барысында 27 наурыз күні кешкі уақытта олардың екеуінің Алматы қаласында жүргені анықталды.
Жоғалған қыздар біздің тұрғындардың қырағылығы, полицейлердің кәсіби шеберлігі және барлық әлеуметтік желілер мен БАҚ-қа бағдарларды жаппай тарату арқасында табылды. Қазіргі уақытта қыздар Алматы қаласындағы балалар үйіне жеткізілді.Үшінші кәмелетке толмаған қыздың қайда екенін анықтау бойынша іздестіру шаралары жалғасуда, - деп хабарлады Қызылорда облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.