Тасмағамбетов білім саласындағы түйткілдерге тоқталды

Тасмағамбетов білім саласындағы түйткілдерге тоқталды

Тасмағамбетов білім саласындағы түйткілдерге тоқталды
ашық дереккөзі
178
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары мемлекеттік органдардың жұмысымен танысып, әлеуметтік саланың маңызды бағыттарына шолу жасады. Білім және ғылым министрлігіндегі кездесуде жалпы орта білім беру бағдарламасына үштілділікті енгізу, 12 жылдық білім беруге көшу, ҰБТ-ның тың үлгісі, біртіндеп біртекті біріккен мектепке өту қалай жүзеге асырылады, кәсіби және техникалық білім беруді дамыту, жоғары білім сапасын арттыру және басқа да өзекті тақырыптар қозғалды. Өз кезегінде И.Тасмағамбетов Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен 2005 жылдан бері елімізде Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асырылып жатқанын атап өтті. Бекітілген аталмыш стратегия отандық білім беру баспалдақтарын толық қамтиды. Макроэкономикалық тұрақтылық пен ел ішіндегі саяси жағдайдың орнықтылығының арқасында аталмыш бағдарлама аясында қазақстандық билік әлеуметтік мәселелермен, оның ішінде білім беру саласының мәселелерімен айналысуға мүмкіндік алды. Қазір бағдарлама жемісін көріп отырмыз. Сонымен қатар кездесу барысында білім беру мазмұнын жаңарту бағдарламасы да тілге тиек етіліп, педагогтар мен ата-аналарды толғандырған сауалдар ортаға салынды. «Білім беру саласы еліміздегі әрбір отбасына қатысты. Сондықтан бұл саладағы реформа әр адамға жеткізілуі және түсіндірілуі тиіс. Мұндай жауапты әрі нағыз халықтық реформаны енгізуде асығыстыққа жол жоқ», - деді И. Тасмағамбетов. Оған қоса, вице-министр кәсіби-техникалық білім берудің жай-жапсарын талқыға салды. Бұл бағытты және жалпы отандық білім беру жүйесін тың жаңалықтар күтуде. Осы орайда Иманғали Тасмағамбетов: «Бұл тек білім беру процесі экономика қажеттіліктерін өтеуге сәйкес  кәсіби-техникалық оқу орындарының бірізді жүйесін іске қосқанда ғана мүмкін болмақ. Және жоғары білікті кадрларды дайындауда тек отандық емес, әлемдік экономика қажеттіліктерін ескеруді ойластыруымыз керек»,- деді. Вице-премьер Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің жетекшілерімен кездесуінде денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыру маңыздылығы мен медицинаның инновациялық дамуындағы өзекті мәселелеріне тоқталды. И.Тасмағамбетов қазіргі уақытта денсаулық сақтау саласы сәт сайын өзгерген ғалам мәселелелеріне шұғыл әрекет ете білуі керектігін және сәйкесінше, халық сенімінен шығуы керектігін қадап айтты. Бұл алдымен, алғашқы жедел жәрдем жүйесін дамытуға назар аудартуды көздейді. Сонымен қатар, кешенді медициналық көмек, денсаулықты қолдау және профилактика бойынша ресурстарды таратуға байланысты мәселелер өз шешімін күтуде. Әлеуметтік маңызды ауруларға қатысты сұрақтарды шешуде негізгі күш түрлі скринингтік бағдарламалар арқылы профилактикалық шаралардың деңгейін арттыруды бағыттауға, ерте диагностикалау мен кадрларды даярлауға, жоғары технологиялардың қолжетімділігін қамтамасыз етуге, ерте диагностикалауды бақылауға жұмсалады. «Әлбетте, осы жылдар аралығында енгізілген түрлі бағдарламалар өз жемісін берді. Алайда отандық денсаулық сақтау саласында әлі де шешілмеген түйткілдер бар», - деді кездесу барысында И.Тасмағамбетов.

Серіктес жаңалықтары