159
Лондонда шектеулерге қарсы шеру өтті
Лондонда шектеулерге қарсы шеру өтті
Лондонда індеттің таралуына байланысты қабылданған шектеулерге қарсы шеру өтті.
Көпшілік алдымен қала көшелерімен жүріп өтті. Кейін Гайдпаркте жиналды. Көбі маска тақпаған. Полиция шерушілер әлеуметтік арақашықтық сақтамағанын мәлімдеп, оларды үйлеріне қайтуға шақырды. Бұл сөздерге ешкім құлақ аспағаннан соң тәртіп сақшылары күш қолдана бастады. Ереуілшілер де қарап қалмады. Сөйтіп, шеру соңы тәртіпсіздікке ұласты. 33 адам қамауға алынды.