АҚШ-та ұшақ жеңіл көлікке құлады

АҚШ-та ұшақ жеңіл көлікке құлады

АҚШ-та ұшақ жеңіл көлікке құлады
ашық дереккөзі
АҚШ-та жеңіл моторлы ұшақ көлікке құлады, деп хабарлайды NBC Miami.  Флорида штатының билігінің дерегінше, Пемброк Пайнс қаласында ұшақ жеңіл көлікке құлаған. Оқиға салдарынан бортта болған кем дегенде екі адам қаза тапты. Көлікте келе жатқан жүргізуші мен бала жарақат алып, ауруханаға түсті. Ұшақ жергілікті аэродромнан ұшқаннан кейін көп ұзамай құлаған. Апаттың себептері анықталуда. Айта кетейік, бұдан бұрын әуе апатынан аман қалған ұшқыш бір ай бойы джунгли кезгенін хабарлаған едік. Әуе кемесінің бұзылуына байланысты бразилиялық ұшқыш ұшақты апаттық жағдайда қондырған. Қонғаннан кейін ұшақ бірден өртене бастаған.Құтқару топтары апатқа ұшыраған ұшақты іздеу жұмыстарын бір аптадан кейін тоқтатқан, өйткені әуе кемесінің сынықтарын да таба алмады. Апаттан аман қалған Антонио Сена джунглиде 36 күн бойы өмір сүруге мәжбүр болды.