Әуе апатынан аман қалған ұшқыш бір ай бойы джунгли кезген (видео)

Әуе апатынан аман қалған ұшқыш бір ай бойы джунгли кезген (видео)

Әуе апатынан аман қалған ұшқыш бір ай бойы джунгли кезген (видео)
ашық дереккөзі
Бразилияда 36 жастағы ұшқыш Антонио Сена Амазонка джунглиіндегі ұшақ апатынан аман қалып, арада бір ай өткен соң ғана жақындарымен қауышты. Бұл туралы DailyMail хабарлады. Әуе кемесінің бұзылуына байланысты ұшқыш ұшақты апаттық жағдайда қондырған. Қонғаннан кейін бірден өртене бастаған. Құтқару топтары апатқа ұшыраған ұшақты іздеу жұмыстарын бір аптадан кейін тоқтатқан, өйткені әуе кемесінің сынықтарын да таба алмады. Апаттан аман қалған Сена джунглиде 36 күн бойы өмір сүруге мәжбүр болды. Ұшқыш өрт басталмай тұрып борттан шығарып үлгерген тамақ қалдықтарын, сондай-ақ, құс жұмыртқалары мен жолында кезіккен жемістерді талғажау еткен. Ұшақ апатынан бес апта өткен соң ұшқыш кездейсоқ каштан жинаушылар тобын кезіктіреді, олар Сенаның үйіне оралуына көмектескен. "Мені қолдаған және тірі қалуға мүмкіндік берген жалғыз нәрсе -  менің отбасыма деген сүйіспеншілік", - дейді жақындарымен аман-есен қауышқан Сена.