732
Испанияның ұлттық кітапханасынан Галилейдің трактаты ұрланды
Испанияның ұлттық кітапханасынан Галилейдің трактаты ұрланды
Италиялық астроном Галилео Галилей (1564-1642) жазған трактат ұрланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат El Pais газетіне сілтеме жасап.
Басылымның жазуынша, корольдіктің негізгі қоғамдық кітапханасы төрт жыл бойы құжаттың жоғалып кеткенін жасырған, оның құны 800 мың еуро болуы мүмкін. Әңгіме 1610 жылы жарық көрген Sidereus nuncius астрономиялық трактаты жайында болып отыр.
Ол 2014 жылы кітапханадан ұрланған, бірақ басшылыққа жоғалғаны туралы хабарлау үшін төрт жылдан астам уақыт қажет болды. Осы мерзім ішінде кітапхана каталогында трактат ұрлықшы орнына қалдырған жалған нұсқасына қарамастан, түпнұсқа ретінде саналып келген.
2018 жылдан бастап Ұлттық полицияның арнайы бөлімшесі құжаттың жоғалғанын тергеуде. Іс бойынша басты күдікті - 2004 жылы құжатқа қызығушылық танытқан және 2007 жылы кітапханадан екі картаны ұрлауға қатысқан Уругвай азаматы.
Галилео Галилей - өз заманының ғылымына айтарлықтай әсер еткен италиялық физик, механик, астроном, философ, математик. Ол алғашқылардың бірі болып аспан денелерін бақылау үшін телескопты қолданды және бірқатар көрнекті астрономиялық жаңалықтар ашты.