14 наурыз күні қандай елеулі оқиғалар болды?

14 наурыз күні қандай елеулі оқиғалар болды?

14 наурыз күні қандай елеулі оқиғалар болды?
ашық дереккөзі
1994 жылғы 14 наурызда Қазақ мемлекеттік заң институты құрылды. 1996 жылы қарашада Қазақ мемлекеттік заң университетіне, ал 2000 жылы ақпанда Мемлекет және құқық институтымен бірігіп, Қазақ мемлекеттік заң академиясына айналды. 2001 жылы қазанда Қазақ гуманитарлық заң университеті болып қайта құрылды. 2005 жылғы 14 наурызда Ресейдің Түмен қаласында наурыздың 14-сі мен 22-сі аралығында Қазақ өнерінің күндері өтті. 2005 жылғы 14 наурызда Қазақстан Республикасындағы АҚШ-тың елшісі Джон Ордвэй Атырауда американ мәдениетінің орталығын ашты. 2005 жылғы 14 наурызда Алматыда зерттеушi, мәдениеттанушы Серiкбол Қондыбай оқулары өтті. 2006 жылғы 10 наурызда Лондонда Қазақстанның алғашқы инаугурациялық инвестициялық саммиті өтті. Саммитті Американың Қазақстандағы сауда палатасының қолдауымен Қазақстан Республикасының Ұлыбританиядағы Елшілігі Британияның Adam Smith Cоnferences компаниясымен бірлесіп ұйымдастырған. Саммиттің мақсаты - халықаралық ресми және іскер топтарға дамудың басым кластерлерін қоса алғандағы ҚР экономикасының барлық шешуші секторларындағы Қазақстанның жоспарларымен, міндеттерімен, даму стратегиясы және серпінімен танысуға мүмкіндік туғызу. 2008 жылғы 14 наурызда Алматыда Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің, Ұлттық инновациялық қордың және Қазақстан Республикасы Ақпарат және байланыс агенттігінің қолдауымен жасалған Futurtech ХАТИ Ақпараттық технологияларды жалпыхалықтық оқыту әлеуметтік жоспарлы бағдарламасының (IT ағарту) тұсаукесері өтті. 2008 жылғы 14 наурызда Қазақстанда қор нарығын дамыту бағытында тұңғыш рет ұлттық Биржа ойыны өткізілді. Жобаны Алматы қаржы орталығы қызметін реттеу мен қадағалау агенттігі (АҚОҚРА) ұйымдастырды. 2011 жылғы 14 наурызда Алматыда алғашқы Еуразиялық саясаттанушылар конгресі жұмысын бастады. 2011 жылғы 14 наурызда Сауд Арабиясы Корольдігінде халықаралық The Ambassador's Choice кинофестивалі ауқымында алғаш рет “Елшіні таңдау” атты қазақ фильмі көрсетілді. 2012 жылғы 14 наурызда Алматыда Қазақстандық археология ғылымын дамытудағы атақты тұлғалар атты көрме ұйымдастырылды, ол академик Ә.Марғұлан мен профессор К.Ақышевтің өмірі мен шығармашылығына арналды. 2013 жылғы наурызда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қысқа мерзімді демалысы кезінде Израиль Президенті Шимон Переспен жұмыс кездесуін өткізді. 2013 жылғы 14 наурызда “Бір ел - бір кітап” акциясының аясында Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Фариза Оңғарсынованың “Дауа” өлеңдер жинағы жарық көрді. 2013 жылғы 14 наурызда Ұлыбритания композиторы Эдвард Эльгардың шығармашылығын наихаттағаны үшін қазақстандық танымал скрипкашы Марат Бисенғалиев Э.Эльгар қорының алтын дискісі мен сыйлығына ие болды. 2014 жылғы 14 наурызда ҚазАқпарат ақпарат агенттігі Бейжіңмен бейнекөпір форматында сайттың қытай тіліндегі нұсқасын таныстырды. ҚазАқпарат ХАА сайтын таныстыру екі ел - Қазақстан мен Қытай елшіліктерінің қолдауымен өтті.