13 наурыз қандай елеулі оқиғалармен есте қалды?

13 наурыз қандай елеулі оқиғалармен есте қалды?

13 наурыз қандай елеулі оқиғалармен есте қалды?
ашық дереккөзі
415
  • 1992 жылғы 13 наурызда Қазақстан мен Ливия арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнады.
  • 2001 жылғы 13 наурызда Алматыдағы Қазақ сәулет-құрылыс академиясының студенттер жатақханасында Халық қаһарманы Қайрат Рысқұлбековке ескерткіш тақта орнатылды.
  • 2003 жылғы 13 наурызда «Қазақстан Республикасының қорғаныс-өнеркәсіптік кешенінің кейбір мәселелері туралы» №244 ҚР Үкіметінің қаулысы жарыққа шықты. Қаулының негізінде «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ құрылды. Компанияға 19 машина жасау кәсіпорны мен салалық институттар кіреді. Олардың қатарында «Петропавл ауыр машина жасау зауыты» АҚ, «С.М.Киров атындағы Петропавл зауыты» АҚ, «Мұнаймаш» АҚ, «Тыныс» АҚ, «Семей машина жасау зауыты» АҚ, «ҚР радиоэлектроника және байланыс жөніндегі ұлттық орталығы» АҚ, «Металлист» АҚ, «Бронды танк жөндеу зауыты» кәсіпорындары бар.
  • 2014 жылғы 13 наурызда «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Ұлт көшбасшысының кітапханасы» мемлекеттік мекемесінің кейбір мәселелері туралы» Жарлыққа қол қойылды.
  • 2014 жылғы 13 наурызда Қазақстан мен Түркияның ғылыми-гуманитарлық ықпалдастығы аясында Хаджеттепе университеті және Анкарадағы Қазақстан Республикасы Елшілігінің бірігіп ұйымдастыруымен «Жібек жолы» кеңістігіндегі түркі елдерінің экономикалық ынтымақтастығы» атты симпозиум өтті.
  • 2015 жылғы 13 наурызда Алматыда ҚР Ұлттық кітапханасында ҚР Суретшілер одағының мүшесі, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының профессоры Әбілқасым Сәрсенбаевтың «Ұлт тұлғасы - Мұстафа Шоқай» және «Мұстафа Шоқай суретші көзімен» кітап-альбомдары таныстырылды.
  • 2017 жылғы 13 наурызда Құддыс Қожамжаров атындағы мемлекеттік республикалық ұйғыр музыкалық комедия театрына, мемлекеттік республикалық корей музыкалық комедия театрына, республикалық неміс драма театрына «академиялық» мәртебесі берілді.

Серіктес жаңалықтары