Елімізде полиэтилен пакеттерді қолдануға тыйым салынбақ

Елімізде полиэтилен пакеттерді қолдануға тыйым салынбақ

Елімізде полиэтилен пакеттерді қолдануға тыйым салынбақ
ашық дереккөзі
642
Қазақстанда полиэтилен пакеттерін сатуға кезең-кезеңмен шектеу енгізіледі. Бұл туралы экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев тиісті меморандумға қол қою барысында айтты. Бұл құжатқа Экология министрлігі, «Атамекен» ҰКП және Қазақстанның экологиялық ұйымдарының қауымдастығы арасында қол қойылды. Келісімнің мақсаты - сауда желілеріндегі полиэтилен пакеттерін тегін сатудан бас тарту және қоршаған ортаға қауіпсіз болып табылатын қаптаманың баламалы түрлеріне көшу. «Бүгінгі күні әлемнің қырықтан астам елінде полиэтилен пакеттерді пайдалануға түрлі деңгейде тыйым салынды. Қазіргі кезде ел аумағында жылына 5 млн қатты тұрмыстық қалдықтар қалыптасуда. Олардың 11-15%-ы пластмасса мен полиэтилен пакеттер. Олар қайта өңдеуге жарамайды, сол себепті жерге көміледі. Ал өздеріңіз білетіндей, пластиктің шіру мерзімі ондаған, жүздеген жылға созылады. Пластик суға түскен кезде ұсақ түйіршіктерге бөлініп, балықтар арқылы адам ағзасына енеді», – деді министр. Сауда орындарында пакеттер тегін берілмейтін болады. «Әлемдік тәжірибеде пакеттерді сату – оларды тұтынуды 30%-ға азайтады. Бұл айтарлықтай жақсы көрсеткіш. Қазір қолға берілетін пакеттің құны «0 теңге» деп көрсетілгенімен, құны сатып алатын тауарыңыздың ішінде. Әрине пакеттерден бас тарту ерікті. Бұл тек біздің экологиямызды жақсартуға бағытталған», – деді Мырзағалиев.

Серіктес жаңалықтары