Астанада босқындар мәселесі қаралды

Астанада босқындар мәселесі қаралды

Астанада босқындар мәселесі қаралды
ашық дереккөзі
248

Таяуда Астана қаласында босқындарды қорғау және халықаралық көші-қон жөніндегі Алматы процесінің жоғары лауазымды қызметкерлерінің үшінші кездесуі өтті. Шараға ҚР Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Вице-министрі Светлана Жақыпова, Орта Азия бойынша Көші-қон жөніндегі халықаралық ұйымның аймақтық үйлестірушісі Деян Кесерович, БҰҰ-ның Орта Азия бойынша босқындардың істері жөніндегі Жоғарғы Комиссар басқармасының аймақтық өкілі Бернард Дойл, Қазақстандағы БҰҰ даму бағдарламасы тұрақты өкілінің орынбасары Мунхтуя Алтангерел, ҚР және Орталық Азиядағы көші-қон саясаты саласындағы мемлекеттік органдардың, сонымен қатар, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.

Жиынның мақсаты – Орталық Азия елдерінің еңбек көші-қоны саласындағы жаңа беталыстарын сараптау мен өзара тәжірибе алмасу, көші-қон заңнамасындағы олқылықтарын анықтау мен ортақ ұсынымдар жасау болып табылады.

Шара барысында тұрғындардың тұтастығы, босқындардың құқықтарын жүзеге асыру мен халықаралық тәжірибені ескере отырып, аталған саладағы аймақтық ынтымақтастық перспективалары қарастырылды.

Халықаралық ұйымның мәліметінше, әлемдегі әрбір жетінші адам босқын болып саналады.  Халықаралық босқындар саны 2040 жылы 400 млн-ға дейін көбеюі болжанып отыр.

Өз сөзінде Светлана Жақыпова экономикалық дағдарысқа байланысты Орталық Азия аумағындағы тұрғындардың мобильділігі арта түсетінін атап айтты.

Қазақстанда биыл еңбек мигранттарының негізгі ағымы Қытай (11 мың 641 адам), Түркия (3 мың  558), Өзбекстан (3 мың 285),  Ұлыбритания (1 мың 505) және Үндістан (1 мың 334)  елдерінің үлесінде.

 «2016 жылдың 8 айында Қазақстанға жұмысқа тұру мақсатында 12 мың 963 адам (2015 жылы 16 мың 349) ЕАЭҚ қатысушы елдерінен, оның ішінде Ресей азаматтары – 9 мың 388 адам (2015 жылы – 12 мың 529), Кырғызстаннан – 1 мың 496 адам (в 2015 жылы - 1 мың 138), Беларусь елінен – 394 адам (2015 жылы - 608) және Армениядан – 1 мың 685 адам (2015 жылы - 2 мың 074) келді», - деп хабарлады Светлана Жақыпова.

Сонымен бірге, биыл 210 мың адам ішкі істер органдарынан республиканың үй шаруашылығы саласында еңбек етуге рұқсат алды (2015 жылы үй шаруашылығы саласында 141 мың шетел жұмысшылары еңбектенген болатын).

Кездесу соңында қатысушылар ЕАЭҚ аясындағы реттелмейтін көші-қон миграциясы, Орталық Азиядағы адамдарды саудалау мен мигранттардың құқығын қорғау мәселелерін шешу бағытындағы көпжақты ынтымақтастықты өңірлік әрі қарай жалғастыруға келісті.

Естеріңізге сала кетейік, Алматы процесі – 2011 жылы Қазақстанның бастамасымен құрылған тұрақты пікір алмасу алаңы болып табылады. Оның мақсаты – аймақтық форматтағы және жаһандық перспективадағы босқындар мен халықаралық көші-қонның өзекті мәселелерін бірлесе отырып шешу. Қазақстан Алматы процесінің бірінші басшысы болып сайланған болатын. Біздің елден басқа Алматы процесінің тұрақты қатысушылары - Әзербайжан, Ауғанстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркия және Түркменстан елдері. Иран мен Пәкістан бақылаушы мәртебесінде.

Серіктес жаңалықтары