Бас санитардың жаңа қаулысы шықты

Бас санитардың жаңа қаулысы шықты

Бас санитардың жаңа қаулысы шықты
ашық дереккөзі
242
ҚР ДСМ Бас мемлекеттік санитар дәрігері Ерлан Қиясовтың жаңа қаулысы жарияланды.  Жаңа қаулыға сәйкес, қылмыстық-атқару мекемелерінде санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтау алгоритмі» атты 24-қосымшада 4-тармақ өзгертілді. «4. Маскаларды немесе респираторларды, резеңке қолғаптарды міндетті түрде пайдалана отырып және тергеу әрекеттеріне қатысушылар арасында кемінде 2 метр қашықты сақтап, шұғыл тергеу әрекетін жүргізу үшін тергеушіге, адвокатқа және қорғаушыға шығаруды қоспағанда, сотталғандардың, күдіктілердің және айыпталушылардың қатысуымен жүргізілетін барлық шараларды шектеу», - деп жазылған жаңа қаулыда. Ал 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 68 қаулыда 2-тармақтың 9) тармақшасы жаңа редакцияда жазылды. «9) 2020-2021 оқу жылының үшінші тоқсанында: – оқушылар саны 300-ге дейін контингенті бар, сыныптарда 15-тен көп емес бала санымен қалалық және ауылдық мектептерде дәстүрлі форматта оқытуға; – 2021 жылғы 1 наурыздан бастап жалпы білім беретін мектептерде мектепалды сыныптардың, 1 сыныптан 5 сыныпқа дейін қоса алғанда, халықаралық мектептерде 1 сыныптан 7 сыныпқа дейін қоса алғанда, сыныптарда 25-ке дейін бала санымен оқушыларды аралас форматта оқытуға; – оқу бітіретін сыныптар (9, 11 (12) сыныптар) үшін аптаның 6 күнінде аралас форматта оқытуға: пәндердің 70%-ы штаттық режимде, 30%-ы қашықтан оқытуға (сыныпта 15 адамнан артық емес, «1 сынып – 1 кабинет» қағидаты бойынша оқыту, санитариялық-дезинфекциялық және маска режимдерін сақтау); – білім беру мекемесі әкімшілігінің шешімімен сабақтан тыс уақытта 15 адамнан аспайтын топтарда оқушыларды жеке оқытуға рұқсат беруді қамтамасыз етсін», - делінген қаулыда. Сонымен бірге, 2-тармақтың 16) тармақшасына да өзгерістер енгізілген. «16) осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес өлшемшарттар негізінде әлеуметтік-экономикалық нысандар қызметін шектеуді қамтамасыз етсін.Бұл ретте карантиндік шараларды күшейту эпидемиологиялық жағдай асқынған жағдайда 5 күн ішінде жүргізіледі («жасыл» аймақтан «сары» аймаққа немесе «қызыл» аймақтан «сары» аймаққа көшу), карантиндік шараларды жеңілдету «қызыл» аймақтан «сары» аймаққа немесе «сары» аймақтан «жасыл» аймаққа көшкен соң 7 күннен ерте жүргізілмейді;»; Аталған қаулы 2021 жылғы 9 наурызда сағат 00:00-ден бастап күшіне енеді.

Серіктес жаңалықтары