Рухани жаңғыру − рух тазалығына ұмтылу

Рухани жаңғыру − рух тазалығына ұмтылу

Рухани жаңғыру − рух тазалығына ұмтылу
ашық дереккөзі
Әр дәуір өз жаңалығымен келеді десек те, ұлт ретінде қалып­тас­қан халықтың өзгермейтін бір талабы болады, ол − ру­хани тұрғыдағы біртектіліктен ажырамау. Елді ел ететін болмыс­тың осындай сергектігі болғанмен алақұйын замандардың екпініне шыдас бере алмай, құндылықтары ауысып кетіп жататын кезеңде түпкі негізді еске салып, жадыны жаңғыртып отыру өте маңызды. Сондықтан Тәуелсіздік алғаннан бергі уақытта бізде сондай зәру­лікті тез аңғарып, жедел іске асырылған бірнеше жоба жасалды. Соның арасында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының мәні зор болғаны анық. «Рухани жаңғыру» − 2004 жылы қа­был­данған «Мәдени мұра», 2013 жылы қабыл­дан­ған «Халық – тарих толқынында» бағ­­­­дар­ламаларының заңды жалғасындай кө­рінгенімен, ауқымы жағынан кең және жан-жақты болды. Елбасы айтқандай, «Мә­­дени мұра» арқылы әлемнің ең белді ар­хив­терінен төл тарихымызға қатысты құжат­тарды жүйелі түрде жинап, «Ха­­лық – тарих толқынында» бағдарла­ма­сы аясында Қазақстан аумағындағы та­ри­хи-мә­дени ескерткіштер мен нысандарды жаң­­ғырттық». Ал «Рухани жаңғыру» арқы­лы ұлт Көшбасшысы «мықты, әрі жауап­кер­ші­лі­гі жоғары біртұтас ұлт болу үшін бола­шақ­қа қалай қадам басатынымыз жә­не бұқа­ра­лық сананы қалай өзгер­те­ті­німіз туралы бұ­­рынғылардың бәрінен ау­қым­ды және ір­г­е­лі жұмыстарды бастау ке­рек» екенін көр­­сетті. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағ­­дарламалық мақаласы үлкен екі бө­лім­нен құралған. Алғашқы бөлімінде «ХХІ ға­сыр­­дағы ұлттық сана туралы» жан-жақты мә­­­селе көтеріліп, барлық істі бастауға «Праг­­­­матизм» керектігі ескертіліп, «Ұлттық бі­­ре­гейлікті сақтау» мәселесінде ұлттық код, ұлт­­тық мәдениет сақталмаса, ешқан­дай жаң­­ғыру болмайтыны және алға басу үшін ұлт­тың дамуына кедергі болатын өт­кеннің кер­тартпа тұстарынан бас тарту ке­ректігі» ай­тылды. Одан әрі «табысты болу­дың ең ір­гелі, басты факторы білім екенін әркім те­рең түсінуі» үшін «Білімнің салтанат құ­руы» қажеттігі сөз болса, «Қа­зақ­станның ре­­волюциялық емес, эволю­ция­лық дамуы» − «тарихтың ащы сабағын түсініп қана қой­май, өзіміз күнде көріп жүр­ген қазіргі құ­бы­лыстардан ой түйіп, бо­лашақтың бета­лысына қарап, пайым жа­сай білуге» жет­кізетіні саралана келе, осы айтылғандардың бәріне жеткізетін «Сананың ашықтығы» екені дәлелденді. Ал екінші бөлімде «Таяу жылдардағы мін­­деттер» сараланып, онда «қазіргі за­ман­ғы технологиялық ортаның, коммуни­ка­ция­ның, сондай-ақ ХХІ ғасырдағы ғылыми жә­не білім беру процесінің ерекшеліктеріне байланысты» қазақ тілін латын әліпбиіне көшіруге кірісуіміз керектігі; «қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар бойынша «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасын қолға алу» қажеттігі, сондай-ақ «білім беру саласында ауқымды өл­кетану жұмыстарын жүргізуді, эко­ло­гияны жақсартуға және елді мекендерді абаттандыруға баса мән беруді, жергілікті деңгейдегі тарихи ескерткіштер мен мәдени нысандарды қалпына келтіруді көздейтін» «Туған жер» бағдарламасын қолға алу, «Қа­зақ­станның киелі жерлерінің географиясы» жобасын жасау, «бүгінгі замандас­тары­мыз­дың жетістіктерінің тарихына назар ау­дару» үшін «Қазақ­стан­дағы 100 жаңа есім» жо­басы арқылы іске асыру мәселелері кеңі­нен сөз болды. Осынша ауқымды әрі өте маңызды ша­ра­ларды жоспарлы түрде өз дәрежесінде орын­дап шығу үшін еліміздің барлық сала­сындағы интеллектуалдық күштер жұ­мылдырылып, жақсы жетістікке жете білдік. «Рухани жаңғыру» тақырыбымен, әсіресе гуманитарлық салаларда үлкен жұмыс атқарылды. Шынын айту керек, әлемді алақандай гад­жетке сыйғызған мынау жаһандану дәуі­рін­де ұлттық бірегейлікті сақтап қалу жо­лында осындай терең ойластырылған бағ­дарламаның жасалып, жүзеге асуы – Қа­зақ­стан секілді дамушы жас мемлекет үшін айта қаларлық табыс. «Рухани жаңғыру» аясында жасалған нәр­селердің бәрі де уақытша емес, елдің өр­кендеуіне ғасырлап пайдасын тигізетін игі­ліктер болды. Сондықтан бүгінде елі­міздің кез келген азаматы «Рухани жаңғыру» мә­селесін жеткілікті дәрежеде түсінетін жағ­дайға жетті. Себебі ол бүкілхалықтық си­пат алған бағдарлама болды. Осы орайда Елбасының «Мемлекет пен ұлт құрыштан құйылып, қатып қалған дү­ние емес, үнемі дамып отыратын тірі ағза іс­петті. Ол өмір сүру үшін заман ағымына са­налы түрде бейімделуге қабілетті болуы ке­рек. Жаңа жаһандық үрдістер ешкімнен сұрамай, есік қақпастан бірден төрге озды. Сон­дықтан заманға сәйкес жаңғыру міндеті барлық мемлекеттің алдында тұр. Сынаптай сырғыған уақыт ешкімді кү­тіп тұрмайды, жаңғыру да тарихтың өзі сияқ­ты жалғаса беретін процесс. Екі дәуір түйіскен өліара шақта Қазақ­станға түбегейлі жаңғыру және жаңа идея­лар арқылы болашағын баянды ете түсудің тең­дессіз тарихи мүмкіндігі беріліп отыр» деуі бағдарламаның мән-маңызына ой жібе­ріп, парасатты пайымдаулар жасауға мүм­кіндік береді. Әрине, әрбір жоспардың, мемлекет к­е­ле­шегі үшін жасалатын түрлі бағдар­ла­ма­лар­дың әрекет ету шегі, мөлшерленген мез­гілі болады. Бірақ «Рухани жаңғыруды» он­дай ресурсы шектеулі шаралардың қа­тарына қоса алмаймыз. Сондықтан болар 2019 жылғы 12 маусымда Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының сайланған Президенті қызметіне ресми кірісу рәсіміндегі сөйлеген сөзінде мемлекет дамуының аса маңызды он бағыты туралы айта келіп: «Рухани жаңғыру» құндылық­тары біздің басты рухани бағдарымыз бо­лып қала береді. Тарихқа құрметпен қарау, Отан­ға адал болу, ғылым-білімге деген ұм­ты­лыс – мұның барлығы біздің халқы­мыз­дың бойындағы асыл қасиеттер. Бұл қа­сиет­тер біздің халқымыздың бірлігін және ұлты­мыздың жасампаздығын нығайтады, бәсе­кеге қабілетті ел болуға жол ашады. Қазақстанды болашаққа бастайтын − жастар. Сондықтан бұл бағдарламаны жас ұрпақты тәрбиелеуге бағыттауымыз қажет»  деген еді. Мемлекет басшысының бұл сөзі «Рухани жаң­ғыру» үдерісінің әлі талай-талай бе­лестерден асып, мемлекетіміздің кемелдене беруіне кепілдік боларын ұқтырса керек. Дамудың даңғыл жолына түскен мем­лекетте өсемін деген ұлт әрдайым өз негізін ұмытпай, халық ретінде әлемдік қоғам­дас­тыққа өз үнін естірте білсе, ол өзіндік біре­гейлігін танытқаны. Оған жеткізетін рух та­залығына ұмтылу қасиеті. Бізде оған «Ру­хани жаңғыру» идеясы әрдайым ұстын бо­ла алады.  width= Берекет КӘРІБАЕВ, ҚР ҰҒА академигі, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы: Тарихымыз ерекше маңызға ие
– Тарихшылар арасында «Кешегі күн − бү­гінгі тарих, бүгінгі күн – ертеңгі тарих» деген сөз бар. Еліміздің тәуелсіздігін жария­ла­ғалы бір ғасырдың үштен біріндей уақыт өт­се де, сол тарихи оқиғалардың куәгері бол­ған біздер үшін, сол бір қуанышты сәт­тер күні кеше ғана болған сияқты болып кө­рінеді. Қазақ елі үшін тәуелсіздіктің әр кү­нінің тарихи маңызы бар десек қате­лес­пейміз. Ал биыл еліміздің ең басты мере­ке­сінің 30 жылдығын атап өткелі отырған ке­зеңде тарихшының көзімен өткен күндер мен жылдарға назар салсақ, ғасырларға тең келердей тарихи дәуірді өтіппіз. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында осы 30 жыл­дық­ты шартты түрде үш онжылдыққа бөліп, әр­қайсысына қысқаша сипаттама береді де, үшін­ші кезеңде «мерейлі мемлекетке ай­налдық» деп жазады. Осы жылдары, яғни 2010-2020 жылдары нақты ұзақ мерзімге ар­налған жоспар қабылдап, мақсатымызды ай­қындадық, оны орындау үшін бірнеше ар­найы бағдарламаларды жүзеге асыра бас­тадық. Солардың бірі – «Рухани жаңғыру» деп аталып, ел арасында кең қолдауға ие болған және  Елбасы Н.Назарбаевтың 2017 жыл­ғы 12 сәуірде жариялаған «Бо­ла­шақ­қа бағдар: рухани жаңғыру» деп аталатын бағ­дарламасы болатын. Осы жылы бұл бағ­дар­ламаға төрт жыл болады. Жыл сайын 12 сәуір қарсаңында осы бағдарламаның қалай орындалып жатқаны туралы ақпаратты бас­­­пасөз беттерінен оқып жатамыз. «Рухани жаңғыру» бағдарламасының қа­былдануы тәуелсіз Қазақ елінің 30 жыл­дық тарихындағы аса маңызды және елеулі оқи­ғалардың қатарына жатады. 30 жылдық ке­зеңнің екінші және үшінші кезеңдерінде ру­хани өмірімізді дамыту мен байытуға ар­налған бірнеше арнайы бағдарламалар жү­зеге асырылды. Екінші онжылдығымызда (2004-2011 жылдары) мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы жүзеге асырылса, 2012-2014 жылдары – «Халық тарих толқынында» бағ­дарламасы, 2014 жылдан бастап «Мәң­гілік ел» идеясына негізделген бағдар­ла­ма орындалды. Аталған бағдарламаларға са­бақтас ретінде 2017 жылдан бері «Болашаққа бағ­дар: рухани жаңғыру» бағдарламасы жү­зеге асырылып келеді. Бұл бағдарламада нақты бес тап­сыр­маны жүзеге асыру міндеті қойылғаны белгілі. Олардың алғашқысы − қазақ тілін бір­тіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыс­тары болатын. Алғашқы кезде қоғамда бұл қа­лай болады екен деген үміт басым болса, қа­зір қашан көшеді екенбіз деген күту ба­сым секілді. Екінші міндет − «Жаңа гума­ни­тарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқу­лық» жобасы бойынша бүкіл әлем оқитын 100 оқулық іріктеліп, оларды қазақ ті­ліне аудару болса, олардың 70-80 пайызы орын­далды деуге болады. Қазір қазақ жас­тары, тіпті үлкендер де гуманитарлық са­ла­да әлем мойындаған оқулықтармен сусын­дап, таным көкжиегін кеңейтіп жатыр деуге болады. Үшінші міндет − «Туған жер» бағдарла­ма­сы мен «Қазақстанның қасиетті рухани құн­дылықтары» немесе «Қазақстанның кие­лі жерлерінің географиясы» жобасы бойын­ша да орталықтар мен өңірлерде та­рих­шыларымыз жергілікті биліктің қол­дауымен белсенді жұмыс атқарып жатыр. Бұл міндетті жүзеге асыру барысында ауыл­дық жерлердегі мектеп оқушылары өлке тарихымен терең танысуда. Қазір әлеу­мет­тік желілер арқылы еліміздің түкпір-түк­пі­рінде жоғары сыныптардың белсенді оқу­шы­лары өз ауылдарындағы жергілікті тари­хи тұлғалар, тарихи оқиғалар, тарихи ме­кендер туралы хабарлар түсіріп, оны тара­тып жүр. Бұл біз айтып отырған үшінші мін­деттің, яғни «Рухани жаңғырудың» жүзе­ге асырыла бастағанының дәлелі болса ке­рек. Келесі маңызды міндет – Қазақстанның киелі тарихи ескерткіштерінің белдеуін жа­сау болатын. Бұл міндет толығымен жү­зе­ге асты деуге болады. Аталған міндетті орындау үшін арнайы ма­ман­дардан ғылыми мекеме құрылып, олар бірнеше жылда тарихи киелі ескерткіштер­дің жинағын шығарды. Бір өкініштісі, оның тиражы барлық ауылдарға жетті деуге бол­майды. Қорыта келе айтарымыз, ел тәуелсіз­дігі­нің үшінші онжылдығындағы ауыз тол­ты­рып айтатын, тарихымызда ерекше маңызға ие болған «Рухани жаңғыру» бағдарлама­сы­ның рухани өмірімізде алар орны ерекше. Бұл бағдарлама жоспарланғанындай толық жү­зеге асқан кезде қазақ қоғамының ру­хани саласы сапа жағынан анағұрлым жо­ғары тұратынына сеніміміз мол.
 width= Молдахмет ҚАНАЗ, жазушы, халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, «Денсаулық» журналының бас редакторы: Мақсаты айқын да өміршең жоба
– «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аз сөз­бен түйіндей қоятын «атқа жеңіл» шаруа емес. Бұл – жаңа тұрғыдағы жас мемлекеттің кешенді ұстанымы. Анығырақ айтқанда, бү­гінгі ғана емес, Отанымыздың болашақ­тағы тыныс-тіршілігі, бағыты, бар болмысы. Біз жай құндылықтарымызды түгендеп қана қоймай, жаңа тұрпаттағы мемлекетті өр­кендетуге көмегі тиер барлық құнды­лық­тарды іске қосуымыз қажет. Бұл жөнінен бағ­дарлама мақсаты айқын да өміршең. Шүкір, бағдарлама негізінде іске асы­рыл­­ған шаруалар көңіл қуантарлық. Ше­кара­мыздан тыс қалған көптеген тарихи жә­дігерліктер Отанымызға оралды (кө­шір­мелері болса да). Ұлтымыздың алтын діңгегі  –ауыз әдебиетінің 100 томдығы шықты. Дү­ниежүзінде мойындалған 100 оқулық ау­дарылып, жоғары оқу орындарына жеткі­зіл­ді. Тарихи атаулар бірте-бірте қалпына ке­ліп жатыр. Ең бастысы,  ұлы державалық өк­темдіктен өрескел бұрмаланып келген тари­хымыз өзінің табиғи тұрғысынан қай­та түгенделіп, бағалана бастады. Бұрын қол­ жетпей келген сирек құжаттарды оқи ала­тын болдық. Мұның барлығы өз жұрты мен өз елін қадірлей білетін ұрпақ тәрбиелеу үшін керек. Ұлтын тани білмеген – ұл бола алар ма? Ұлт ретінде бар болмыс-бітімімізді тү­гендеу үшін қызмет еткен бұл жоба әлі де мән-мағынасын жойған жоқ. Қайта оны мақ­саты мен мәні тұрғысынан әрі қарай кеңей­тіп, жүйелі де тұрақты кешенге айнал­дыру ләзім. «Сөз түзелді, тыңдаушы, сен де түзел» демекші, бұл ретте қолда бағыт-бағ­дар бар. Осы бағдардың қадір-қасиетін ке­тіріп, жалаң ұранға айналдырып жібермей, жерге еккен дәндей баптап өсіріп, пайдалана білсек, кәне! Әдетте айы, күні, мерзімі белгіленген шаруа­лардың шалғайына шалағайлықтың да жабысып жүретіні бар. Ондайдан сақ болу керек. «Мәселен, осы жоба аясында жа­салған оқулықтар жайында ойлағанда, тез­детіп аударылған оқулықтарда асы­ғыс­тық жоқ па, оларда айтылған нәрселер біздің менталитетімізге үйлесе ме? Бұрын қа­лыптасып қалған іргелі білімді ілгері дамыта аламыз ба?» деген сұрақтар туын­дайды. Аударма қай тілден аударылса да, көлденең көк аттыны емес, арнаулы кәсіби ма­манды талап етеді. Бұл кәсіптің жылдар бойы қалыптасқан мектебі болушы еді. Сон­дай нәрселер өз кезінде ескеріліп жатса, нә­тиже ойдағыдай болары анық. Айналып келгенде, руханият дегеніңіз «айда-шап» ұрпақтың шаруасына жатпайды. Оның кесіп-пішіп тастайтын кесімді мер­зімі де жоқ. Тұнып жылжи беретін мәңгілік ағыс­тар секілді адам санасына шым-шым­дап баяу сіңе беретін құдірет. Сондықтан мұн­дай шаруаның басында жүрген аза­маттарға саналы сабыр қажет, әрине жауап­кершілік те. Қалай десек те, «Рухани жаңғыру» − жаңа ғасырда кемелденуге бет алған мемле­кет­тің ақыл-ойы тудырған парасатты дү­ние. Әдетте жақсы жоба, жетілген бағ­дар­ламалар өмірге келіп жатқанымен, оның бағдарымен жасалатын шаруалар аса көп бола бермейтіні бар. Ал мына бағдарлама әрі жақсы жасалған, әрі ол бойынша істел­мек істер тұрақты түрде жүзеге асып, елдің ру­хани талап-тілегін ескерген күйде жасал­ды. Бұл Тәуелсіздіктің алғашқы 30 жылы үшін елеулі жетістік екені даусыз.