Моңғолия 1 мамырдан бастап шекарасын ашады

Моңғолия 1 мамырдан бастап шекарасын ашады

Моңғолия 1 мамырдан бастап шекарасын ашады
ашық дереккөзі
Бүгін Моңғолияның министрлер кабинеті 1 мамырдан бастап шекараны ашу туралы шешім қабылдады деп хабарлайды pavlodarnews.kz сайты. Мемлекеттік төтенше комиссия басшысы С.Амарсайханның айтуынша, премьер Л.Оюун-Эрдэнэ өткен аптада туристік сала өкілдерімен кездесіп, сала қызметін қалыпты режимде жалғастыру үшін қажетті шараларды қабылдауға ниетті екенін білдірген. Сондай-ақ ол «Халыққа ауқымды вакцина егу процесі тиімді жүргізілсе және мемлекеттік органдар мен жеке секторлар тиісті санитария-эпидемиологиялық шараларды қатаң сақтаса, Үкімет 1 мамырдан бастап шекараны ашу үшін белсенді жұмыс жүргізеді» деп атап өтті. Осыған байланысты бақылау-өткізу пункттерінің (БӨП) әзірлігін қамтамасыз ету жөніндегі МТК жұмыс тобы БӨП-тегі санитария-гигиеналық жағдайды жақсарту үшін Алтанбулаг және Замын-Үүд сұмындарында, сондай-ақ батыс және шығыс шекара маңындағы аудандарда жұмыс істеді.