Семейде жер үйден өрт шығып, 2 адам қаза тапты

Семейде жер үйден өрт шығып, 2 адам қаза тапты

Семейде жер үйден өрт шығып, 2 адам қаза тапты
ашық дереккөзі
ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 3 наурыз сағат 05:00 шамасында Белибаев көшесіндегі жеке тұрғын үй отқа оранған. Оқиға орнына шұғыл келіп жеткен өрт сөндірушілер үй ішінен 2 газ баллонын алып шықты. «Жалын шарпыған жалпы аумақ 180 шаршы метрді құрады. Барлау жүргізу барысында бөлмеден 1946 жылғы үй иесі мен оның 1976 жылғы ұлының денесі табылды», – делінген хабарламада. Алдын ала мәлімет бойынша, өрттің шығуына – отпен абайсыз әрекет ету, пешті пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау немесе электр жабдықтарының апаттық режимде жұмыс істеуі себеп болуы мүмкін.