Психолог 8 наурызда аруларға сыйланатын ең сәтсіз сыйлықтарды атады

Психолог 8 наурызда аруларға сыйланатын ең сәтсіз сыйлықтарды атады

Психолог 8 наурызда аруларға сыйланатын ең сәтсіз сыйлықтарды атады
ашық дереккөзі
234
Психология ғылымдарының кандидаты Юлия Кочетова 8 наурызда әйелдерге cыйланатын ең сәтсіз сыйлықтардың тізімін жасады, деп хабарлайды "Москва" жаңалықтар агенттігі.  Маманның айтуынша, ең жауыр болған сыйлық — тәттілер. Психолог қазіргі таңда арулардың көбі салауатты өмір салтын ұстанып, дене бітімін бақылауда ұстайтыныны атап өтті. Сондықтан шоколад қорабы қаншалықты қымбат болса да сыйлық алушыны қуанта қоймауы мүмкін. Сонымен қатар, Юлия Кочетова қажетсіз кәдесыйлар, атап айтқанда жұмсақ ойыншықтар, шай жиынтықтары, мүсіншелер беруден аулақ болуға шақырды.  Өйткені мұндай заттар сөреде шаң жинап тұрғаннан басқа қызмет атқармайды дейді маман. Сәтсіз сыйлықтардың қатарына психолог жеке гигиена заттарын да жатқызды. "Барлық ханымдардың өз талғамы бар екенін ұмытпаңыз — өнімдердің, композицияның және брендтің хош иісінен бастап терінің түріне дейін", — деп атап өтті ол. Маман нәзік жандыларға асүйге арналған керек-жарақтар мен тұрмыстық техниканы сыйлауға да асықпау керегін ескертті. Өйткені мұндай сыйлықтар екіұшты реакция тудыруы мүмкін. "Көптеген әйелдер мұндай сыйлықты үй шаруасына бейімділікті жетілдірудің белгісі ретінде қабылдайды", — деп қорытындылады психолог.

Серіктес жаңалықтары