ТЖМ Алматы тұрғындарына үндеу жасады

ТЖМ Алматы тұрғындарына үндеу жасады

ТЖМ Алматы тұрғындарына үндеу жасады
ашық дереккөзі
224
Сел ұстайтын бөгеттер құрылысына байланысты Үлкен Алматы шатқалына баруға шектеу енгізіледі. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин мәлімдеді. «Қар мен ылғал қорының жиналуы әлі де жалғасуда. Жауын-шашын мөлшері бойынша төтенше жағдай туындау қаупі жоғары өңірлер: Ақмола облысы аумағы, Қарағанды облысы аудандарының бір бөлігі, Солтүстік Қазақстан және Ақтөбе облыстары, онда қазіргі қар қоры көпжылдық бақылаудан 50%-ға асады», - деді министр Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте. Министрдің мәліметінше, арық желісі мен өзендерді тазарту жұмыстары аясында Алматыға қауіп төніп тұрған жоқ. Анағұрлым қауіпті сел кезеңі шілде, тамыз, қыркүйек айларында қалыптасады. Осы кезеңде ведомство бөлімшелері профилактикалық бақылаумен айналысады. Сонымен бірге министр Үлкен Алматы шатқалына баруға шектеу қойылатынын ескертті. «Биыл біз Аюсай және Ақсай шатқалдарында екі сел ұстайтын бөгет құрылысын бастадық. Жақында ғана жұмысты бастауға дайындық тексерілді. Мен Алматы тұрғындарына үндеу жасағым келеді. Ең алдымен Алматы тұрғындары мен туристердің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін құрылыс жұмыстары жүреді, алматылықтар мен оңтүстік астана қонақтары жақсы көретін Үлкен Алматы шатқалына бару бойынша кейбір шектеулер енгізілетінін ескерткіміз келеді. Сондықтан тиісті түсіністікпен қарау керек, өйткені бұл болашақта мегаполистің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді», - деп түсіндірді Ю. Ильин.  

Серіктес жаңалықтары