15 жыл бойы қос азаматтығын жасырып келген павлодарлық жазаланды

15 жыл бойы қос азаматтығын жасырып келген павлодарлық жазаланды

15 жыл бойы қос азаматтығын жасырып келген павлодарлық жазаланды
ашық дереккөзі
240
Қос азаматтығын жасырып келген Павлодар облысы Железинка ауданының тұрғыны айыппұл арқалады, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz. Аудандық соттың баспасөз қызметінің мәліметінше, Железинка аудандық полиция бөлімінің көші-қон қызметінің аға инспекторы 2021 жылғы 28 қаңтарда Ресей Федерациясының азаматтығын 2005 жылы желтоқсанда алған азамат М.-ның Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу фактісін анықтаған. Сот отырысында М. өзінің кінәсін толығымен мойындады. Ол 2005 жылдың желтоқсанында Ресей Федерациясының азаматтығын алғанын, бірақ заңды білмегендіктен өзінің қазақстандық төлқұжатын тапсырмағанын түсіндірді. Сот қаулысымен М. әкімшілік кодекстің 496-бабы 2-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оған 408 380 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл түрінде әкімшілік жаза қолданылды. "Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы" Заңның 21-бабына сәйкес, егер адам басқа мемлекеттің азаматтығын алған болса, онда Қазақстандағы азаматтығы күшін жояды. Басқа азаматтық алған күннен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде бұл туралы Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарына немесе шетелдік мекемелерге хабарлап, сондай-ақ паспортты және (немесе) ҚР жеке куәлігін тапсыру қажет.

Серіктес жаңалықтары