12030
Бүгін «Nur Otan» партиясының құрылғанына 22 жыл толды
Бүгін «Nur Otan» партиясының құрылғанына 22 жыл толды
Бүгін «Nur Otan» партиясының құрылғанына 22 жыл толды. Партияның құрылуы мен қалыптасу тарихы Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен тығыз байланысты.
1998 жылғы 21 қазанда Қазақстан Республикасында «Президентке үміткер Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты қолдаудың қоғамдық штабы» қоғамдық қозғалысы тіркелді. Артынша қоғамдық қозғалысты саяси партияға айналдыру туралы идея пайда болды. 1999 жылғы 1 наурызда «Отан» РСП-ның I құрылтай съезі өтті. Бұл съезде «Отан» РСП-на Қазақстанның Халық бірлігі партиясы, Қазақстанның демократиялық партиясы, Қазақстанның либералдық қозғалысы, «Қазақстан – 2030 үшін» қозғалысы кірді.
1999 жылғы 19 қазанда жиналыс өтіп, «Қоғамдық штабты Республикалық «Отан» саяси партиясы» етіп өзгерту туралы шешім қабылданды. 1999 жылғы 12 ақпанда партия Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркеуден өтті. Міне осы күн Тәуелсіз Қазақстанның тарихындағы жаңа партияның өз жұмысын бастаған уақыты болып есептеледі. Осы жылдың наурызында партияның алғашқы съезі өтті. Оған 400-дей адам қатысты.
2000 жылы 4 қаңтарда партияның жастар қанаты құрылды.
2006 жылдың желтоқсанында РСП-ның кезектен тыс Х съезінде «Отан» партиясының атауы «Нұр Отан» Халықтық демократиялық партиясы болып өзгертілді.
2008 жылғы 17 қаңтарда Елбасы – Партия Лидері Н.Ә.Назарбаевтың тө
рағалық етуімен «Нұр Отан» ХДП Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы өтіп, партияның халықтық платфомасын іске асырудың бағдарламасы қабылданды. 2008 жылғы 15 мамырда «Жас Отан» жастар қанатының І сьезі өтті.
2009 жылғы 9 қаңтарда Партия Орталық аппаратында Партиялық бақылау комитетінің бірінші ұйымдық отырысы өтті.
2013 жылғы 18 қазанда «Нұр Отан» Халықтық демократиялық партиясы «Нұр Отан» партиясы болып өзгертілді. Сол күні партияның жаңа Доктринасы қабылданды. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі сайлауы қарсаңында 2016 жылғы 29 қаңтарда өткен кезектен тыс XVII Съезінде «Нұр Отан» партиясының – «Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық» сайлау алды бағдарламасы әзірленді және қабылданды.