COVID-19: Әлемде екпе салдырғандар саны індет жұқтырғандардан екі есе көп

COVID-19: Әлемде екпе салдырғандар саны індет жұқтырғандардан екі есе көп

COVID-19: Әлемде екпе салдырғандар саны індет жұқтырғандардан екі есе көп
ашық дереккөзі
239
Әлемде коронавирусқа қарсы екпе алған адамдардың саны пандемия басталғалы індет жұқтырғандардың жалпы санынан екі есе көп, деп хабарлайды ТАСС Қазіргі уақытта шамамен 227 миллион адам (әлем халқының шамамен 2,9%) вакцинациядан өтті, ал 113,1 миллион адамға коронавирустық инфекция диагнозы қойылды. Вакцинацияланғандардың 75%-ы сегіз елдің тұрғындары: АҚШ, Қытай, Ұлыбритания, Үндістан, Түркия, Израиль, Бразилия, БАӘ. Алайда иммундау қарқыны төмендеуде. Егер айдың басында әлемде күніне орта есеппен 6 млн екпе жасалса, өткен аптада бұл көрсеткіш 5 млн-ға дейін, осы аптада 4,4 млн-ға дейін төмендеді. Вакцинацияланғандардың үлесі бойынша бірінші орында – Израиль (азаматтардың 88,5% - ы егілді), екінші орында – Сейшел аралдары (72,9%), үшінші орында – БАӘ (60,7%). АҚШ-та 68,3 млн адам екпе алса, Қытайда 40,5 млн адам вакцинациядан өтті (індет жұқтырғандар санынан 400 есе көп). Ресейде жағдай мүлдем басқаша. Ел коронавирустық вакцинаны әлемде бірінші болып тіркегенімен, әзірге тек 4 миллион адам (халықтың 2,7%-дан астамы) вакцина салдырды.

Серіктес жаңалықтары