236
Әзірбайжан Таулы Қарабақта әуежай құрылысын бастады
Әзірбайжан Таулы Қарабақта әуежай құрылысын бастады
Әзірбайжан билігі Таулы Қарабақта халықаралық әуежай құрылысы басталатынын мәлімдеді. Нысан Иранның шекарасына жақын жерде, Шуша қаласынан 60 шақырым қашықтықта орналасқан Физулиде бой көтереді.
Ел президенті Ильхам Әлиев әуежай 2021 жылдың күзінде жұмыс істей бастайды деген үмітте, деп жазады ТАСС.
"Физулидегі әуежайға келетін болсақ, жұмыс басталып кетті. Біз минасыздандыруға байланысты мәселелерді жедел шеше бастадық, өйткені бірінші кезекте аумақты тазарту қажет болды, бұл процесс аяқталуға жақын. Әуежай құрылысы жедел аяқталуы тиіс және және егер бәрі жоспар бойынша жүретін болса, биылғы жылдың күзінде нысан пайдалануға беріледі", - деді Әлиев.
Оның айтуынша, әуежайдың ұшу-қону жолағы ұшақтың барлық түрлерін, соның ішінде ең ауыр түрлерін қабылдай алады.
Мемлекет басшысы өңірдегі әуежай Қарабақ аумағын қалпына келтіру үшін ғана емес, басқа елдер азаматтарының Шуша қаласына жетуіне қолайлы жағдай жасау үшін қажет.
Сондай-ақ әуежаймен бірге екі автомобиль жолы салынуда.