жұма, 18 сәуір, 2025

Алматы облысында Ан-2 ұшағы мәжбүрлі түрде қонды

/
ашық дереккөзі
Алматы облысында Ан-2 ұшағы мәжбүрлі түрде қонды "Азия Континенталь" әуе компаниясының Ан-2 әуе кемесі Боралдай - Кеген бағыты бойынша РРК5481 санитарлық рейсін орындау кезінде Боралдай автомобиль жолынан шығысқа қарай 1,5 км жерде мәжбүрлі түрде қонды. Бұл туралы Азаматтық авиация комитеті хабарлады. Ұшақ бортында 5 адам болған. Ешкім зардап шеккен жоқ. ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің авиациялық оқиғалар мен инциденттерді тексеру басқармасы тергеу жүргізетін болады.  
Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары