Танымал бизнес-тренер Әсел Қожақова мастер-класс өткізді

Танымал бизнес-тренер Әсел Қожақова мастер-класс өткізді

Танымал бизнес-тренер  Әсел Қожақова мастер-класс өткізді
ашық дереккөзі
450
«Өңіраралық жастар бизнес тағылымдамалары»  жобасы аясында жас кәсіпкерлер танымал бизнес-тренер  Әсел Қожақовамен мастер-класс өткізді. Әсел Қожақова маркетингтік коммуникациялар қызметі бойынша Red Point Kazakhstan компаниясының негізін қалаушы және бас директоры. Coca-Cola, Microsoft және General Motors халықаралық компанияларда мол тәжірибесі бар. Microsoft компаниясында маркетинг саласында маман қызметінен  PR қызмет көрсету және маркетинг басшысына дейін қызмет атқарған, General Motors компаниясында  маркетинг және PR  саласы бойынша  Қазақстан, Әзірбайжан, Армения және Грузия мемлекеттерінде аймақтық директор қызметін атқарған, кейіннен филиал басшысының орынбасары болды. Қысқа мерзімде  Beeline компаниясынд қоғаммен байланыс  қызметінің басшысы болып жұмыс істеді. Әсел Қожақова өзінің мол тәжиребесіне сүйене отырып бизнес жүргізуді, бизнесте  жоспарларлау мен стратегияларды құруды, дұрыс таңдау туралы әңгімелеп берді. «Өңіраралық жастар бизнес тағылымдамалары» «Қазақстан жастарының конгресі» және ҚР Білім және ғылым министрлігінің ұйымдастыруымен, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және «Казка» Қазақстан кәсіпкерлер ассоциациясының» қолдауымен  27 маусым мен 2 шілде аралығында Астана қаласында өтеді. Бес күн ішінде жобаға қатысушылар елордалық шағын және орта бизнес нысандарында тағылымадан өтеді. Сондай-ақ жас кәсіпкерлер кәсіби мастер-класстарға қатысып, өз ісінің дамуына қажетті кеңестер алады. img_2614  

Серіктес жаңалықтары