Ең сұлу волейболшылар рейтингі: Ресейлік спортшы Сабина Алтынбекованы басып озды

Ең сұлу волейболшылар рейтингі: Ресейлік спортшы Сабина Алтынбекованы басып озды

Ең сұлу волейболшылар рейтингі: Ресейлік спортшы Сабина Алтынбекованы басып озды
ашық дереккөзі
935
Грек басылымы Gazzetta планетаның ең сұлу волейболшы аруларының рейтингін жариялады. Рейтингте 25 жастағы ресейлік Алиса Маненок көш бастады, деп хабарлайды Politic. Бұған дейін аталған рейтингте бірінші орында тұрған отандасымыз Сабина Алтынбекова екінші орынға түсіп қалды. Үздік үштікті хорватиялық спортшы Клара Перич қорытындылады.  width= Маненок спорттан бөлек модельдік бизнеспен айналысады. Ол үнемі түрлі сұлулық байқауларына және сән көрсетілімдеріне қатысады. 2018 жылы волейболшы Сеулде World Beauty Queen атағын жеңіп алды. Спортшы Қазан қаласында тұрады, Қазан университетінің волейбол командасында ойнайды.  width= Gazzetta нұсқасы бойынша планетаның ең әдемі волейболшы аруларының ондығы келесідей: Элис Маненок (Ресей, 25 жаста); Сабина Алтынбекова (Қазақстан, 23 жыл); Клара Перич (Хорватия, 22 жаста); Джейми Роббинс (АҚШ, 22 жаста); Зехра Гюнеш (Түркия, 21 жаста); Винифер Фернандес (Доминикан республикасы, 25 жаста); Луиза Липпманн (Германия, 25 жаста); Бианка Буш (Сербия, 26 жаста); Саманта Брисио (Мексика, 25 жаста); Мария Стенцель (Польша, 21 жыл).

Серіктес жаңалықтары