Президент аудан әкімдерінің сайлауы қашан өтетінін айтты

Президент аудан әкімдерінің сайлауы қашан өтетінін айтты

Президент аудан әкімдерінің сайлауы қашан өтетінін айтты
ашық дереккөзі
246
Мемлекет басшысы елімізде аудан әкімдерінің тікелей сайлауы қашан өткізілетінін айтты.  "Қазір біз кенттер мен ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерін тікелей сайлауға дайындалып жатырмыз. Сайлау биыл шамамен тамыз-желтоқсан айларында өтеді. Осы жылы 786 ауыл әкімінің өкілеттігі аяқталады. Яғни сегіз жүзге жуық елді мекенді қамтитын жергілікті сайлау науқаны өтеді. Бұл еліміздің қоғамдық-саяси өміріндегі елеулі оқиға болмақ", - деді Қ.Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында. Мемлекет басшысының айтуынша, сайлау туралы заңнамаға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар пысықталды. Тиісті заң алдағы уақытта қабылданады. Содан кейін ғана кенттердің, ауылдар мен ауылдық округ әкімдерінің тікелей сайлауына қажетті барлық нормативтік-құқықтық негіз толығымен қалыптасады. "Бірақ біз мұнымен шектеліп қалмаймыз. Келесі маңызды қадам – аудан әкімдерінің тікелей сайлауы. Мен бұл сайлауды 2024 жылы өткізу керек деп санаймын. Осы бастама елімізді демократияландыруға және жергілікті басқару институтын нығайтуға елеулі үлес қосады деп сенемін",  - деді Президент. Еске сала кетейік, бұдан бұрын Мемлекет басшысы медициналық оқу орындарындағы стипендияны көбейтуді тапсырған болатын. Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев өз жұмысшылары үшін ауылда үй салған кәсіпкерлерге шығынның 50 пайызы қайтарылатынын мәлімдеді.    

Серіктес жаңалықтары