Пандемия салдарынан әлем әуежайлары қанша шығынға ұшырады?

Пандемия салдарынан әлем әуежайлары қанша шығынға ұшырады?

Пандемия салдарынан әлем әуежайлары қанша шығынға ұшырады?
ашық дереккөзі
292
Әлемдегі әуежайлар коронавирус кесірінен 112 млрд доллар шағынға ұшыраған. Мұндай мәліметті Әуежайлардың халықаралық кеңесі жариялады, деп хабарлайды «Хабар 24». Коронавирус жайлаған 2020 жылы шығын да шаш-етектен болған. Мысалы, Лондондағы «Хитроу» 3 миллиард, ал Париждегі әуежайлар 1 жарым миллиардқа жуық доллар жоғалтқан. Халықаралық әуе көлігі қауымдастығының мәліметі бойынша, жолаушылар нөпірі былтыр 70 пайызға азайыпты. Өткен жылдың желтоқсанындағы есепке қарасақ, АҚШ-та 63, Үндістанда 43, Ресейде 12, Қытайда 8 пайызға дейін төмендеген. Пандемия салдарынан дүние жүзінде 40-қа жуық әуе компаниясы біржола жабылған. Қазірдің өзінде бір ғана Еуропада 65 мың ұшқыш жұмыссыз қалғалы тұр. "Коронавирус індетінің біздің салаға тигізген зардабы орасан. Әлі де болашағымыз бұлыңғыр. Адамдардың ұшуына жаппай рұқсат берілетіні белгілі ғой. Бірақ қандай ережелер болатыны әзірге түсініксіз. Кейбір елдер қауіпті, басқалары қауіпсіз болуы мүмкін. Тестілеу және вакциналау куәліктерін енгізу қажет деп есептейміз. Алайда үнемі шығынға белшеден бата бергіміз келмейді", - дейді  Heathrow әуежайының бас директоры Джон Холланд-Кэй.

Серіктес жаңалықтары