Алматыда қандай кәсіп иелері тапшы екені белгілі болды

Алматыда қандай кәсіп иелері тапшы екені белгілі болды

Алматыда қандай кәсіп иелері тапшы екені белгілі болды
ашық дереккөзі
289
Алматы қаласының Жұмыспен қамту орталығының директоры Диляра Иманқұлова онлайн брифинг барысында мегаполисте қандай мамандық иелері тапшы екенін айтты. Оның айтуынша, денсаулық сақтау саласында мамандар тапшылығы байқалады. «Біз «Еңбек» порталы арқылы қандай мамандықтарға сұраныс жоғары екенін бақылап отырамыз. Қазір денсаулық сақтау саласында үлкен қажеттілік бар. Әсіресе, терапевт пен невропатолог дәрігерлері тапшы. Сонымен қатар, білім беру саласында: педагогикалық кадрларға қажеттілік байқалады», - деді Диляра Иманқұлова. Сонымен қатар,ол ІТ-мамандарына сұраныстың өсіп келе жатқанын атап өтті. «Менің ойымша, IT саласының маманы әлі де бірінші орында тұр. Пандемия дәрігерлер мен мұғалімдерді жұмыспен қамтуға мүмкіндік береді. Осы үш негізгі мамандықты мен жастарға ұсынар едім «, - деп толықтырды спикер. Диляра Иманқұлова 2021 жылы жұмыссыздық деңгейінің өсуіне жол бермеу мен жұмыспен қамтудың бірыңғай цифрлы жүйесін құруды басты мақсат етіп отырғанын айтты.  

Серіктес жаңалықтары