АҚШ-та салынғанына 139 жыл болған үй алып тіркемемен жаңа орынға көшірілді (видео)

АҚШ-та салынғанына 139 жыл болған үй алып тіркемемен жаңа орынға көшірілді (видео)

АҚШ-та салынғанына 139 жыл болған үй алып тіркемемен жаңа орынға көшірілді (видео)
ашық дереккөзі
Калифорния штатындағы Сан-Франциско қаласының тұрғыны Тим Браун 139 жыл бұрын іргетасы қаланған өз үйін жаңа мекен-жайға көшірді. https://www.youtube.com/watch?v=u8l6eBUK-rM 1882 жылы салынған үй үлкен тіркемеге салынып, жүк көлігінің көмегімен алты блок арқылы жеткізілді. Ерекше тасымалдауды жүздеген жергілікті тұрғын тамашалады. Үйге көшіруге рұқсат алу үшін Браун 15 агенттікпен келісіп, 400 мың доллар төлеуге мәжбүр болған. Жұмыс барысында көшелердегі ағаштар кесіліп, жол белгілері қойылып, тұрақ орындары өзгертілді. Үйдің бұрынғы орнына 48 пәтерлік сегіз қабатты ғимарат салынады, деп хабарлайды Hoodline.