"Multispace" орталығы– әлемдегі екінші ірі орталық

"Multispace" орталығы– әлемдегі екінші ірі орталық

"Multispace" орталығы– әлемдегі екінші ірі орталық
ашық дереккөзі

Мемлекетімізде кәсіпкерлердің дамуына қолайлы жағдайлар жасалынуда, олардың өз кәсіптерін дамыту бағытында субсидиялармен пайыссыз несиелер берілуде. Осы орайда, «Өңіраралық жастар бизнес тағылымдамалары»  жобасы аясында жас бизнесмендер "Multispace" коворкинг орталығының жұмыс барысымен танысты. Астана қаласындағы "Multispace" орталығы– бұл жаңа идеяларды жарыққа шығару немесе ағымдық жобалармен бірлескен жұмыс үшін арналған әлемдегі 2-ші ірі орталық. Коворкинг резидентері ыңғайлы орын ғана алып қоймай, сонымен бірге талантты кәсіпкерлер қауымдастығына қолжетімділік, осындай-ақ алдыңғы қатарлы пікірлестерді табуға мүмкіндік және жоғары деңгейлі өз ісінің шеберлерімен өзара іс-қимыл жасау мүмкіндігін де алады. Толық инфрақұрылым: отыратын орын, сөйлесу бөлмелері, хатшы, жоғары жылдамдықты Wi-Fi құрылғыларымен жабдықталған. _mg_0240 Аймақтардан келген жас кәсіпкерлер өз кәсіптерін алға ілгерілету барысында коворкинг орталығына келушілермен тілдесіп, кеңестерін алуға мүмкіндік алды. «Өңіраралық жастар бизнес тағылымдамалары» 27 маусым мен 2 шілде аралығында «Қазақстан жастарының конгресі» және ҚР Білім және ғылым министрлігінің ұйымдастыруымен, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және «Казка» Қазақстан кәсіпкерлер ассоциациясының» қолдауымен Астана қаласында өтті. Бес күн ішінде жобаға қатысушылар елордалық шағын және орта бизнес нысандарында тағылымадан өтті. Сондай-ақ жас кәсіпкерлер кәсіби мастер-класстарға қатысып, өз ісінің дамуына қажетті кеңестер алды.